Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2274 0 пікір 10 Ақпан, 2011 сағат 05:00

Ауа райының бұзылуына байланысты Астанада және республиканың үш аймағындағы жолдарда автокөлік қозғалысы шектелді

Астана. 10 ақпан. ҚазТАГ - Ауа райы жағдайларының нашарлауына, бұрқасынға және жолдың нашар көрінуіне байланысты Астанада, Ақмола, Алматы және Ақтөбе облыстарындағы жолдардың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ТЖМ.

Астанада 9 ақпан сағат 19:01-ден бастап «Астана-Көкшетау» автожолы көліктердің барлық түрлері үшін жабылды. Ақмола облысында сағат 17:25-тен бастап «Бурабай-Ақкөл» жолымен көліктердің жүруіне тыйым салынды.

Ведомствоның ақпаратында айтылғандай, Алматы облысында 9 ақпан сағат 18:40-тан бастап «Алматы-Бішкек», «Алматы-Астана», «Алматы-Өскемен» жолдары (189-238, 275-319 км) жүк және жолаушылар көліктері үшін жабылды.

Сонымен қатар, ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі) Ақтөбе облысында 9 ақпан сағат 21-ден бастап «Самара-Шымкент» (703-526 км), «Қобда-Ойыл», «Ақтөбе-Атырау» (11-330 км), «Қандығаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» (0-401 км) жолдары көліктердің барлық түрлері үшін жабылды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4145