Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2393 0 пікір 10 Ақпан, 2011 сағат 08:38

Машкевичке репатриант мәртебесі неге керек болды?

Бішкекте биотуалет салып жүріп салаң етіп Қазақстанға келе салған Машкевич деген кісі аз уақыттың ішінде алюминий өнідірісін бауырына басып әлем алпауыттарының қатарына барып тұра қалды. Байыды. Жер бетіндегі аса ірі байлардың тізімін жасап отыратын  «Форбс» журналының  тұрақты кейіпкеріне айналды. Машкевич, Шодиев, Ибаргимов  одағынан құрылған Еуразиялық топ  қазір қазақты қазаққа айдап салып, билікті алақанында ұстайды.  Қазақстанда өткен сайлаулардың қай-қайсысына болмасын «еуразиялықтар» ентелей еніп, екпінді пәрмен етумен келеді. Ғалымжан Жақиянов сияқты жігіттердің арынын басып, алқымынан алған да  осы топ екенін білетін жұрт жақсы біледі. Енді міне, сөйткен мықтылардың серкесі Машкевич Израйльге репатриант, бізше айтқанда оралман мәртебесін алып бара жатыр (Қараңыз: «Машкевич Отанына оралман болып оралды. «Абай.кз» http://old.abai.kz/node/7074»). Неге? Машкевичке репатриант мәртебесі не үшін керек бола қалды? Сарапшыларымыз былай дейді:

Уәлихан Қайсар, саясаткер:

Бішкекте биотуалет салып жүріп салаң етіп Қазақстанға келе салған Машкевич деген кісі аз уақыттың ішінде алюминий өнідірісін бауырына басып әлем алпауыттарының қатарына барып тұра қалды. Байыды. Жер бетіндегі аса ірі байлардың тізімін жасап отыратын  «Форбс» журналының  тұрақты кейіпкеріне айналды. Машкевич, Шодиев, Ибаргимов  одағынан құрылған Еуразиялық топ  қазір қазақты қазаққа айдап салып, билікті алақанында ұстайды.  Қазақстанда өткен сайлаулардың қай-қайсысына болмасын «еуразиялықтар» ентелей еніп, екпінді пәрмен етумен келеді. Ғалымжан Жақиянов сияқты жігіттердің арынын басып, алқымынан алған да  осы топ екенін білетін жұрт жақсы біледі. Енді міне, сөйткен мықтылардың серкесі Машкевич Израйльге репатриант, бізше айтқанда оралман мәртебесін алып бара жатыр (Қараңыз: «Машкевич Отанына оралман болып оралды. «Абай.кз» http://old.abai.kz/node/7074»). Неге? Машкевичке репатриант мәртебесі не үшін керек бола қалды? Сарапшыларымыз былай дейді:

Уәлихан Қайсар, саясаткер:

Машкевич бүгінгі биліктің күні батып, күші әлсіреп келе жатқанын сезіп отыр. Сондықтан капиталының бәрін сыртқа шығарып алып енді өзі де тайып тұрмақшы. Израиль азаматтығы оған сол үшін керек бола қалды. Машкевич биліктің әлсірегенімен қоса мемлекетшіл жаңа күштердің бас көтере бастағанын да қапысыз ұққан сияқты. Ертең оның осы уақытқа дейін былықтырған ісіне сұрау болады. Сондықтан міне, оралман мәртебесін иеленіп Израильге кетіп барады. Әйтпесе, басқа қандай себебі бар деп ойлайсыз? Ел-аман, жұрт тыныш. Біреу тап бүгінге дейін оның ісіне, кәсібіне араласып, қол сұққан емес. Бар мәселе жоғарыдағы мен айтқан жайттардан шығады.

Әміржан Қосанов, «АЗАТ» ЖСДП партиясының бас хатшысы:

Машкевич мырзаның еврей мемлекетінде ресми түрде «оралман» куәлігін алуы - Қазақстан экономикасының ғана емес, қоғамдық-саяси өмірінің айтулы оқиғасы! Бұл - қазақ жер байлығын шетелге сату арқылы миллиардтарын құраған олигархтардың ертеңгі қам-қарекетінің алғашқы нышандары десек те болады.

Адам жайлы отырған жерінен үдере көше ме? Ел аман, жұрт тынышта жасалып жатқан бұл не тірлік? Меніңше, бұндай қарекеттер - постназарбаев кезеңі алдындағы алғашқы дайындықтар. Өйткені, бұған дейін көп нәрсеге көзі жете бермеген қоғамдық пікір, оның ішінде қазақи қоғамдық ой, бүгінде көп нәрсеге қанық. Кімнің қалай, не себепті «Форбс» журналының миллиардерлер тізіміне еніп жатқанын қарапайым халық білмейді емес, біледі! «Неге тумысынан Қазақстан азаматтары емес, көлденең көк аттылар басымызға секіріп жүр?», - деген сауалдар қойыла бастағаны қашан! Міне, кеше Израильдің Абсорбция министрілігінде Машкевич алған «тошав хозер» («оралман азамат») куәлігі - осынау тенденцияның өршу түсуінен туған үрейдің бергі белгісі!

Меніңше, Мәскеуден тәуелсіздік алған кезден бері біздің биліктің жасаған барлық үлкенді-кішілі қателіктері бір төбе болса, кешегі Кеңес халық шаруашылығының іргетасы болған ел экономикасының ең сүбелі бөліктерін шетел-сымақ «инвесторлардың» қолына ың-шыңсыз бере салуы - бөлек бір төбе. Керек десеңіз, бөлек бір әңгіме!

Олар тек қана шылқып байып жатқан жоқ. Ат төбеліндей топ тәуелсіз Қазақстанның саяси өмірінің шешуші факторын айналды! Конституцияда аталмаған осы топ Коснтитуцияның өзін өз қалауынша оңды-солды өзгертіп тұр! Биліктің өзі олардың жұмса, жұдырығында, ашса, алақанында боп қалды! Өйткені ол топтың қолының өзі - береген!

Олар кімнің Үкімет не министрлік басқаратынына ықпал жасайды. Өз әкімдерін тағайындайды. Заңдардың мазмұнына да белсене араласып жүр. Әсіресе, өз бизнесіне қатысты тұстарын жеңілдетуге бағытталған баптарды. Кешегі дәл осы Машкевич бастаған топтың дербес саяси партия құрып, Парламент төрінде қонжиып отырғаны да ұмытыла қойған жоқ. Талай қандасымыз сол партияға кіріп, сол топтың лоббисі болғаны да әлі есте (қазір солардың көбісі бізге халықтық тұрғыдан ақыл айтқысы келетінін қайтерсің). Алаш азаматтырын шөміштен қаққан ол партияның «Азаматтық» деп аталғаны да - басқа секірушілік болды!

«Мен өмір бойы израильдік боп келемін! Уақытымның көп бөлігі осында өтіп жатыр. Отбасым да көбінесе осында. Мен Израильды сүйемін және мен осында бақытты сезінемін!», - деген сыңайда пікір білдіріпті анау күні оралман-олигарх өз сұхбатында. Сүйсе, сүйсін, тұрса, тұрсын өз атажұртында. Оған біздің және біздің жер байлығымыздың не қатысы бар?! Көрер едік, қазақтың пайдалы қазбасын сатудан тапқан 3,3 миллиард долларысыз оның қандай бақытты боларын!

Өз сөзінде олигарх «Израиль экономикасына қомақты инвестиция салмақ ойым бар!»,-депті. Қазақ топырағында тапқан мол қаржысын ең алдымен осында жұмсамай ма? Мәселен, атышулы ENRC тобын технологиялық жағынан дамытып, жұмысшыларының еңбек ету және әлеуметтік жағдайын түзеп дегендей.

Әрине, кез келген ел шетел инвестициясын тартуы әбден орынды. Бірақ ол ішікі инвестиция табылмай жатса ғана және ашық та бәсекелес жағдайда жүргізілуі тиіс. Шетелдік емес, отандық инвесторларға басымдылық берілуі қажет! Ал шетелдік инвестиция тартып жатсақ, аты-жөні бұрын белгісіз емес, беделді, халықаралық заңдарды орындап жүрген, бренді әмбеге аян компаниялармен жұмыс істеуіміз керек. Ол нәрсе бізде жоқ! Бүгінгі Машкевичке қатысты жағдаят сол мұзтаудың су бетінде көрінер тұсы ғана.

Соңғы айтарым мынау: басқа мемлекет азаматтарын қойшы, қалтасы қампиған Қазақстан азаматтарының ішінде дәл осындай куәліктері мен шетелдегі тұрар жайы мен атқарар бизнесі жоқ деп кім кесіп-пішіп айта алады. Өз басым олай деп айта алмаймын!

Расул Жұмалы, саясаттанушы:

-Александр Машкевичтің Израилден оралман мәртебесін алғаны туралы хабарды естіген жоқпын. Ондай хабар бола қалған күннің өзінде, Қазақстанда болуы мүмкін өзгерістерді онымен байланыстырмаймын. Біріншіден, Машкеевичтің Израилдің азаматы екенін және қолында сол елдің төлқұжаты бар екені баяғыдан белгілі. Ол жайында БАҚ -ы жазған. Біздің елде басқа елдің азаматтығын алған қалталы адамдар Машкеевичпен шектелмейді. Негізі бұл біздің ішкі заңдарымызға қайшы келеді. Қос азаматтық Қазақстанда заңсыз болып табылады. Бірақ, өкінішке қарай заң талаптары іс жүзінде орындала бермейді. Оған Машкевичтің жағдай куә. Ал, енді бұ кісінің баяғыдан бері Израилмен, АҚШ-пен тығыз қарым-қатынасы бар екені жасырын емес. Және еврейлердің еуразиялық конгресінің төрағасы екені белгілі. Сондықтан ол өз бизнесінің пайдасын аталған мемлекеттерге құятынын өз басым жоққа шығармаймын. Бұл тек Қазақстанда ғана орын алып отырған жағдай емес. Ресейде де еврей ұлтты азаматтар сол елден заңсыз жолмен көп мөлшерде ақша игеріп, кейін Израилді барып паналаған. Израилдің қазынасына көлемді қаржы құяғаны үшін олардың заңсыз табылған қаражаттарына Израиль үкіметі көз жұма қарайды.

Сондай-ақ, Машкеевич бұған дейін де осыған ұқсас мәлімделер жасаған. Оның бұл әрекеті Қазақстанда қандай бір саяси жағдай орын алады дегенді білдірмейді деп есептеймін.

Серікболсын Әбділдин, Коммунистер партиясының бұрынғы төрағасы:

Машкевич сонау Кеңес заманында-ақ баюдың тәсілін меңгеріп, соның жолына түскен адам. Қырғызстаннан бастап, кейін Қазақстанға келді. Өзге де мемлекеттерде бизнесі бар. Дегенмен, оның байлығының көп бөлігі қазақтың даласынан алынған. Қазаққа тиесілі. Бүкіл әлемнің еврейлеріне ықпал етіп жүрген адам соншама уақыттан кейін аяқ астынан Израильдің азаматы екенін ресми жариялауы тегін емес әрине. Біріншіден, ол байлығының бәрін алып кетудің жолын тапқан болу керек. Екіншіден, кеме суға кететін кезде тышқандардың қаша бастайтыны белгілі ғой. Қазір заман аласапыран. Шетелдерде не болып жатқанын көріп отырмыз. Алда президент сайлауы. Бұрынғы сайлауларда оның белсенділік танытып, түрлі кампанияларға аямай қаражат бөлетінін білетінбіз. Ол әлдеқандай заман бола қала ма деп алыстан болжап сақтанып жатуы да мүмкін. Әлемге назар аударсаңыз билік ауыса қалған жағдайда оған жақын жүрген көптеген алпауыттардың байлығы тәркіленіп жатады. Оныкі осы үрей болуы да мүмкін.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502