Жұма, 22 Қараша 2024
3798 0 пікір 31 Мамыр, 2018 сағат 09:22

Аркадий Бабченко тірі. Қастандық арнайы операция болған

Журналист Аркадий Бабченкоға жасалған қастандық ойдан ұйымдастырылған әрі бұл Украина қауіпсіздік қызметінің (УҚҚ) арнайы операциясы болып шықты. Нәтижесінде журналистке шын қастандық жасамақшы болған күдіктіні ұстаған. Оған 30 мың доллар төлеген екен.

"Шекарасыз репортерлер" халықаралық ұйымы журналистің өлімін ойдан құрастырғанына наразы. Бұл жөнінде ұйым жетекшісі Кристоф Делуар твиттерге жазды. Оның сөзінше, журналисті пайдаланып, мемлекеттің фактімен ойнауы өте қауіпті.

Журналистің өзі Украина қауіпсіздік қызметін өмірін құтқарғаны үшін алғысын жеткізді. Ол УҚҚ өзіне қастандық жасалуы мүмкін екенін ескертіп, дәлелдер көрсеткен.

Аркадий Бабченкоға қастандық жасамақ болған күдікті Г. деген Украина азаматы болып шыққан.

Украина қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары Василий Грицактың айтуынша, "қастандыққа тапсырыс Ресейден түскен және операцияға 40 мың доллар бөлінген. 10 мың долларды делдал алған".

УҚҚ делдалдың ұсталғаны жөнінде видеоны көрсетті.

;rel=0" width="300" height="150" frameborder="0" scrolling="no" allowfullscreen="allowfullscreen" data-mce-fragment="1">

Баспасөз мәслихаты кезінде Грицак ақша беру сәті мен делдалдың ұсталған кезінде түсірілген видеоны көрсетті. Киев "тапсырысты Ресей қауіпсіздік қызметі берді" деп айыптайды.

"Бабченкоға қастандық - Ресей қауіпсіздік қызметінің саяси көзқарастарына байланысты елден кеткен азаматтардың көзін жою үшін жасаған бір ғана терактісі" деді Грицак.

;rel=0" width="300" height="150" frameborder="0" scrolling="no" allowfullscreen="allowfullscreen" data-mce-fragment="1">

Мамырдың 29-ы күні Украина полициясы "Бабченконы Киевтегі үйінде атып кетті. Журналист жедел жәрдем көлігінде қаза тапты" деп хабарлаған. Қауіпсіздік қызметкерлері оқиға болған жерден Макаров тапаншасының оқтарын тапқанын айтқан.

Украина ұлттық полициясының басшысы Сергей Князов "қастандықты машықтанған адам жасаған. Журналисті өлтіру операциясын бір топ адам ұйымдастырған" деп айтқан.

Украина президенті Петр Порошенко Аркадию Бабченко мен оның отбасына тәулік бойы күзет қоюды тапсырған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299