Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
4848 0 пікір 31 Мамыр, 2018 сағат 09:26

Астана Бішкектің әуежайдағы тексеру туралы нотасына жауап берді

Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне (СІМ) Қырғызстандағы әріптестерінен Алматы әуежайында арнайы қызмет тарапынан тексерудің жиілеп кеткеніне наразылық ретінде нота жолдаған. Қырғызстанның СІМ бұл жағдайды түсіндіріп беруін талап еткен.

Қырғыз азаматтары әуежайда жүйелі түрде жүргізілетін тексеруге, атап айтқанда жеке бөлмеге алып барып тергеуге алу, ұялы телефондарын тексеру, төлқұжат деректерін, тұратын мекен-жайын жазып алу секілді тексерістерге шақымданған.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұған жауап нотасында Қазақстанның мемлекеттік шекарасында тексеру және өткізу пунктерінде заң бойынша "қауіпсіздік шараларының күшейтілгені" айтылған. Астана азаматтар басқа елдерде соңғы жылы болған террорлық актілерге байланысты халықаралық террорлық ұйымдардың ықтимал мүшелері мен жақтаушыларын анықтау қажет болғандықтан тексерілетінін айтады.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі тиісті елдердің арнайы қызметтерімен бірлесе отырып "барлық шетел азаматы бірдей" тексерілетінін атап өткен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036