Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Құйылсын көшің 6894 9 пікір 1 Маусым, 2018 сағат 09:18

"Оралман куәлігінің" мерзімін өткізіп алған он мыңдаған қандасымызға қайтпек керек?

Қазақстандағы он мыңға жуық ықтиярхатпен (Оралман куәлігінің уақыты өткен) жүрген бауырлардың азаматтық алу мәселесін жеңілдетеуді Қазақстан Респбуликасы құзырлы органдарынан сұраймыз.

Мен Қазақстан республикасының салық төлеушісі Еркін Азат Сіздерге осы кезек күттірмейтін ақпаратты жеткізгім келіп отыр:

Қазір Қазақстанда Қытайдан келіп, ықтиярхатпен жүрген, азаматтыққа тапсырмақшы болған азаматтарымыздың Оралман куәлігінің уақыттары өтіп кетулері себепті, оларды жаңалай алмай отыр. Ал оралман куәлігі жоқ болса, онда оларды азаматтыққа қабылдамайды. Осы азаматтар қазір жаңа заңның шығуын асыға күтіп жүр.

Себебі бұл кісілердің Қытай паспортының мерзімдері (ықтиярхаттың мерзімі паспортпен бірге) жуық жылдар ішінде бітеді, 2018 жылдың аяғында, 2019 жылы, ұзаса 2022 жылға дейінгі мезгілдер.

Ал енді осы кісілердің паспортының мезгілі бітсе құжатсыз адам болып қалады, тіпті айыппұл салынып, Қытайға қайтарылуы мүмкін. Паспорт бітуге 6 ай қалғанда Паспортты жаңалау керек, ал бұл кісілер паспортты жаңалау керек пе, жоқ азаматтыққа құжат өткізу керек пе, екі орта да ойланып қалды.

Қытайдың Қазақстандағы елшілігі арқылы Паспортты жаңалау үшін, Қытайдағы мекемесінен осы мекемеде жұмыс жасайды деген анықтама алдыру керек екен, ал Қытайдағы белгілі себептерге байланысты олар Қытайға бара алмайды, Ал тағы бір амал, Қытайдағы туыстары мекемесінен анықтаманы алып берсе болады екен, ал олар Қазақстандағы туыстарына мекемеден анықтама алдырамыз деп жүргенде, сол туыстарын ұстап кетсе тіпті қиын болайын деп тұр.

Сондықтан, Қазақстан құзырлы заң органдары Осы Қытайдағы жағдайға байланысты, Оралман куәлігі бұрын жасалған кісілердің азаматтыққа «Жаңадан оралман куәлік жасатпай-ақ» қабылдау заңын тезден бекітсеңіздер деген ұсынысым бар. Өйткені қазірде осы заңның әлі қабылданбауына байланысты, біршама кісілер Азаматтыққа тапсырыс бере алмай Қытайға қайтып кетіп жатыр. Олар Қытайға барса жандық әрі тәндік азаптауға ұшырайды.

Еркін Азат 

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2063