Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2095 0 пікір 11 Ақпан, 2011 сағат 12:57

Алаштың ардақтысы - Алтынбек Сәрсенбайұлы

Бүгін - осыдан тура бес жыл бұрын қапияда жасалған қастандықтан қаза болған саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алу шарасы болып өтті. Әуелі Кеңсайға барған оның қоғамдық-саяси қызметіндегі жақтастары, туыстары, журналистер, бұқара халық марқұмның рухына бағыштап құран оқыды.

Еске алу шарасы «Тянь-Шань» қонақ үйінде ұйымдастырылған жиынмен жалғасын тапты. Жиында саяси партия өкілдері, Мұхтар Шаханов, Иран-Ғайып, Ғаббас Қабышев сынды ұлт зиялылары сөз сөйлеп, Алтынбек Сәрсенбайұлының саяси қызметіне, оның азаматтық, саясаткерлік, тұлғалық қасиеттеріне тоқталып және бүгінгі саяси жүйе жайындағы өз ойларын ортаға салды. Сонымен бірге, саясаткердің атындағы қор дайындаған «Алтынбек Сәрсенбайұлы шыққан шындық биігі» деп аталатын өлеңдер жинағы мен Алма Сұлтанғалиеваның «Қала және оның тұрғындары» атты ғылыми еңбектің тұсаукесері өтті.

Осы шараның аясында жыл сайын журналистер арасында өтетін Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы журналистика мен публицистика конкурсының игерлері жария етілді. Алаштың ардақтысы атындағы сыйлықтарды бұл жылы қазақ журналистикасы саласы бойынша - Әсия Ақышева («Қазақстан» газеті) мен Айжан Көшкенова («Айқын» газеті), орыстілді журналистика саласы бойынша - Мирас Нұрмұхамбетов («Свобода слова» газеті) және Владислав Юрицын (Зона.кз интернет-газеті) иемденіп, оларға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Іс-шара соңында Алтынбек Сәрсенбайұлы рухына арналып ас берілді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522