Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 6464 3 пікір 4 Маусым, 2018 сағат 09:51

Қазақ азаматының бойындағы намысты өлтіруге жасалған уағыз

Дін менің тақырыбым емес, бұл жөнінен білімім аз. Бірақ уағызшылардың түпкі ойын танып тұрып, оның елдікке зияны барлығын біліп тұрып үндемей қалуды Алланың алдында, өз арымның алдында мүсəпірлікке балаймын.

Дүниесі, байлығы бар қыздар жағдайы нашар еркекке екінші, үшінші, төртінші болып шығып, күйеуінің жағдайын жасасын, кішіжар бəйбішенің баласының ішіп жеп, киінуін, болашағын міндетіне алсын деген ойды желпініп тұрып, тамағын кенеп қойып уағыз айтуда. Бұл не сонда? Ежелден келе жатқан отбасылық құндылыққа соққы беру ме? Ер атын иеленген ерлер намысы келмей тыңдайтын дүние ме өзі? Əлде жауапсыз əке, альфонс, масыл еркек санын көбейтуге жасалған, сөйтіп, қазақ азаматының бойындағы намысты өлтіруге жасалған уағыз ба? Қайсы болса да дұрыс емес, оның алдына қазақ санын көбейтуді бетперде етіп, ұлтты азғындататын мұндай уағыздың пайдасынан зияны көп қой.

Ресейде Шамиль Аляудтинов деген үлкен ғалым бар. Исламды қорғап сөйлегенде елді аузына қаратып, оппененттерін де жымдай қылады. Айызың қанады. Бірақ өткенде мен сол кісінің бір уағызын тыңдап бой тартып, тітіркеніп қалдым. Оның арманды мақсаты - Ресей керегесін кеңейту, орыс тілінің үстемдігі жүретін шекараны ұлғайта түсу екен.
Кезінде Орыс ханның ұрпағы Урусов пен түбі арыстан жүректі Ораз-Мұхамед сұлтанның ұрпағы Тевкелев араға делдалдыққа жүруі бодандықтың қамытын кигізгеніндей Шамиль бауырдың да көксегені бар екен. Жəне ол біздің елдігімізге зияны бар ой.

Сондықтан уағыздың да уағызы, уағызшының да уағызшысы бар, талғамай жұтып, тамағымызға көлденең тұрып қалмауын ескерсек деймін.

Анар Төлеуханқызының Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5574