Төрежан Мәндібай. Ғалым тақсыр, мәртебеңді дұрыс жаз!
Мұртаза Бұлутай, философия ғылымының кандидаты. Сейдін Байзақов, филология ғылымдарының докторы. Кім қате жазып жүр? Философ па, филолог па? Өкініштісі, филолог мырза қате жазып жүр. Дұрысы - «филология ғылымдарының» емес, «филология ғылымының» болуға тиіс.
Орысқа өзіміз үш жүз жыл бағындық. Жарайды делік. Ал қазақ тілінің ережесін орыс тіліне бағындыру дұрыс бола ма? Қазақ тілінде көптік жалғауы нәрсенің санына байланысты емес. Міне, бір кітап, екі кітап, он кітап... Орысшасы: одна книга, две книги, десять книг. Соған қарап, екі кітаптар, он кітаптар десек жараса ма? Демек, екі тілдің табиғаты екі бөлек.
1946 жылы Қазақстан ғылым академиясы ашылды. Сол кезде қазақ тілінің білгірлері М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Сәтбаев, т.б. бар еді. Солар академияны Қазақ ССР ғылым академиясы деп атады. Неге олар «академия наук»-ты «ғылымдар академиясы» деп атамады. «Дословно» аударсақ, солай болар еді ғой.
Орыс тілін қазақ тілімен қатар оқитын қазіргі жастар қате сөйлейді. Бұрынғы қазақ «көзінің қиығымен» қараса, қазір жастар «көздерінің қиықтарымен» қарайды. «Менің қолдарым, аяқтарым» деп сөйлейді. Дұрысы - «менің қолым, аяғым» ғой.
Абай неге «көзімнің қарасы» деген. Неге «көздерімнің қарасы» демеген? Әлде, Абай сан білмеуші ме еді?

«Көзімнің қарасы» - поэзия, «көздерімнің қарасы» - балдыр-батпақ. Көптік жалғау қазақ сөзінің дәмін кетіреді.
2009 жылы 2 сәуірде «Ана тілі» газетіне «Көршіден жұққан көптік жалғауы» атты мақаламда «филолог, лингвист ғалымдар, мәртебелеріңді дұрыс жазыңдар» деп, Ш.Елеукеновтың, Ө.Айтбайұлының, Б.Сарбалаұлының аттарын атағанмын. Олар екі жылдан бері үнсіз.
2010 жылдың 10 шілдесінде «Қазақстан» газетіне «Филология ғылымы ма, ғылымдары ма?» деп бүкіл Республика ғалымдарына сұрақ қойғанмын. Тағы жауап жоқ.
Содан «Менің жазған хатыма жауап қайда, Маржан-ай!» деп «Қазақстан» газетіне тағы бір әзіл жаздым. Ләм-мим. Несін жазсын? Ғалымдар өздерінің өмір бойы қате жазып келгенін біліп, ұялғаннан үнсіз отыр. Бірақ үнсіздік филологтар мен лингвистерді қатеден қорғап қала алмайды.
Ақтөбеде орыс тілінде жазатын белгілі ақын бар. Соның сөзіне құлақ түрелік: «Филологические науки» деп орыстар қате жазып жүр. Өйткені «наука» деген сөз - женский род, единственное число. «Филология» да солай, женский род, единственное число. Демек, «филологическая наука» болуы керек қой. Қайдағы «филологические науки»? Егер «филологическая и историческая науки» десе, орынды. Филология екеу емес, бір сала ғой. Орыс қате жазғасын, қазақ оны түзей ме?
Міне, бұл - орыс тілінің маманы, ақынның сөзі. Мен неге филологтардың соңынан қалмай жүрмін?! Қазақ сөзінің қате жазылуы жаныма батады. Филологтар қате жазса, басқалар қайтпек?! Біз ұрпағымызға қазақ тілінің дұрыс жазылуын үйретіп кетуге міндеттіміз.
Төрежан МӘНДІБАЙ,
Жазушы.
«Үш қоңыр» газеті, 2 ақпан 2011 жыл