Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2700 0 пікір 13 Ақпан, 2011 сағат 22:32

Мұхтар Шерім. Президент болсам, қанекей...

Абай күшті жазған ә? «Болыс болдым мінекей, бар малымды шығындап...»

Ал, мен Абайдың өлеңін былай өзгертер едім: «Президент болдым мінекей, бар долларымды шығындап, тығатын жерге тығындап...»

И-й-и, президент болып кетсем ғой! «Дымқылбас Тыраштанғанов! Қазақстан республикасының 2011 жылғы сәуір сайлауында жеңіп шыққан сібежи президенті!» Қалай «звучить?» Керемет! «Артта қалған» ауданының әкімі Қазақстан республикасының президенті! Ресей президенті Аюбаев келеді құтты болсын айтуға. Медведовты айтамын да.  Қолымды қысып, құшақтап, бетімнен сүйіп, арқамнан қағып жатып, жамбасымды шымшып қойып, әзілдегені ғой: «Қуттыктаймин Дымкилбас!»--дейді қазақшалап. Сосын Америкадан Обама келеді құрақ ұшып. Қолында бір құшақ гүл! Келе сала менімен суретке түсіп жатыр. Ескерткішке. Бірақ суретке мен шығыппын да, ол қап-қара болғандықтан күйіп кетіпті.  Өзбекстан президенті Каримов әшейінде Қазақстанға қырсығып жүруші еді, «Ай, менің шөжаларым, ой, менің шожаларым, чип-чип-шөжаларым!» - деп әндете келіп, тізесін бүгіп, басын иді де: «Президент болуыңмен табриклаймын!» - деді. Қытайдан, Үндістаннан, барлық елдерден келген президенттерге қонақасы беріп, таң атқанша арақ іштік!

Қой, бұл менің құрғақ қиялым, одан да президент сайлауына қатысуым керек! Облыс әкіміне келіп, әкімдіктен кететінімді, президент сайлауына қатысатынымды айтқанымда, ол кісі сасқанынан кабинетінен қашып кетті... Қызық, не мен президент болуға лайықты кандидатура емеспін бе? Қырылдап сөйлегенде қырып жібере жаздайтын Амантай қажыдан кеммін бе? Жасым қырық сегізде! Бизнесім дүрілдеп, бағым жанған оттай гүлілдеп тұр! Астанада, президент аппаратында нағашым отыр...  Тиісті ақшасын төлеп, емтихан тапсырайын. Қазақшаға ағып тұрған судаймын, орыс тіліне перец сияқты удаймын,  ағылшын тіліне шыны керек,  ауадағы будаймын... Бәрінен де қазақшамды тексереді екен.  Мырзатай Жолдасбеков ағамыз емтихан алды:

- Қазақ мақалын айтыңызшы?-деп сұрады.

- Тақылдаған тауық тумай қоймайды...-дедім мен.

- Қақылдаған тауық,- деп өзгертті Мырзекең,-Абайдың әйелдерінің атын айтыңыз...

- Ұлбосын, Ұлболмаған, Ұлемес...

- Ділдә деген есім есіңізге түспеді ме?

- Кешіріңіз, Абай атамыздың қатындарынан басқа сұрақ құрып қалып па? Басқасын қойыңызшы...

- Мынау кімнің өлеңі:

Төпеп тұрған нөсерге қарамай-ақ,

Бір қыз кетіп барады жалаң аяқ.

Жылтыраған әдемі топылайын,

Кім біледі, жауыннан барады аяп... Кім жазған?

- Ақын жазған.

- Аты-жөні?

- Кім болса да, құлпытасында жазулы тұр... Бейшара қыз жалаңаяқ жүрсе, ревма­тизм болатын болды ау!

- Мұқағали Мақатаевтың өлеңі.

- Біліп тұрып сұрағаныңыз қызық екен...

- Президент болсаңыз, елді қалай басқарасыз?

- Как қалай? Мынаускии басқарамын! Созақ жақтағы Бетпақдалада Азиада демекші, халықаралық Құмияда жарысын өткіземін. Шаңғымен құм үстінде жарысады! Мырзеке, керемет емес пе? Хе-хе-хе!

- Сіз емтиханнан құладыңыз...Ой-өрісіңіз тар екен...

- Сіз олай мені кемсітпеңіз! Мен сізді, сайлау төрағасын, бәріңізді сотқа бере­мін! Сотта сөйлесеміз! Біздің елде демократия өлген!

Қаным басыма, одан мұрнымнан шапшып шығып, тысқа шықтым да, шопырыма: «Кеттік!» дедім. «Джипіммен»  жәй жүріп келе жатқанбыз, ашумен ай­­қай салдым:» Газды бас! Жылдам жүр!»  Кеш батып кетті... Астанадан шығып, елсіздеу жерде келе жатқанымызда, Құдайым-ау, сенейін бе, сенбейін бе, алдымызға қызылды-жасылы жарықтары жарқырап, беймәлім ұшатын табақша қонды. Біз тоқтап қалдық. Ішінен скафандр киген біреу түсті де, кабинаның есігін ашып:

- Дымқылбас Тыраштанғанов кім?-деп сұрады. Өмірімде бірінші рет есейген­де бұтымды дымқылдап алдым.

- Ме-мен... Сі-сіз қа-қайдан келдіңіз?

- Марстан. Сондағы қазақтармыз,- деген ол мені кабинадан жұлып алды да, қол­тығына қыстырып тарелкасына беттеді. Шыңғырып келемін. «Сіз Қа­зақ­с­тан­ның болашақ президентіне обал жасап келесіз! Жіберіңіз!»- деймін. Шо­пы­ры­ма қарасам, машинаны бұрып алып, безіп барады...  Не керек, Марс пла­нета­сы­нан бірақ шықтым. Құдайым-ау... Мұндағы адамдар жердегі қазақ­тарға ұқсайды екен. Көздері көк, өздері аппақ. Соған қарағанда, таза қазақ­тар-ау!

- Ей, михох! Жындыбас!-деді сол елдің президентімін деп таныстырған кісі ашуланып,-Сенің емтихан тапсырып жатқаныңды интернеттен көріп, жынымыз келді. Мұқағалиды Марстағылар білгенде, сен неге білмейсің, а?

Ол менің шекеме саусағымен шертіп жіберді.

- Кешіріңіз, мен бәрін білемін! Қадыр Шаханов пен Мырзали Шахановты да білемін! Жіберіңіз мені!

- Біз сенен емтихан аламыз. Қазақстан егемендікті қай жылы алды?

- КСРО құлағаннан кейін...

- Нақты?

- Назарбаев президент болғаннан кейін...

- Бит басқыр, білмедің. Желтоқсанға қатысқан қазақтың батыр қызы?

- Мәдина Сәдуақасова...

- Ей, ноқаты кем, ол әнші қыз! Азиада кезінде дұрыс сөйлемей, ұят болды...

- Кешіріңіз, сіздерден қорқып, миым шатасып кетті...

- Білімің бу, парасат -пайымың су, сен қалай президент болмақшысың? Парақор, екіжүзді, жағымпаз екеніңді ұмыттың ба? Біз сені қамап тастаймыз!

Көз жасым көлдеп, отаныма сағыныштан шөлдеп, қамақта жатыр­мын... Құдайым-ау, қайдан ғана президент бола қалайын деп едім?  Жы­лап жатқанымда бір келіншек кірді.  Жымиып келді де:

-Жер азаматы, бізде бәрі ақылды. Сіз сияқты ақымақ, мақтаншақ, жағымпаз адам жоқ. Қызық үшін ұрығыңызды алайын, менімен  былай нетіп...-деді де, қасын керіп қойып, ернімді саусағымен үздіксіз қағып, «дырың-дырың» еткізді. Жақсы көргені... Сосын сөзін жалғады: «Осыған көнсеңіз, мен сізді құтқарамын». Қуанғанымнан, оны құшақтай алдым...  Шарап іштік. Кәйіппін. Көзімді ашсам, өзімнің үйімнің қасында жатырмын. Түн. Ұшатын тарелка көзден ғайып болды. Мырзалар, осылай көтере алмас шоқпарды беліме байлап, үлкен айып болды...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543