Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 6488 8 пікір 5 Маусым, 2018 сағат 17:27

Қазақстан «Байқоңыр» ғарыш айлағының бір бөлігін қайтарып алды

Қазақстан тарапы Ресейден « Байқоңыр» ғарыш айлағындағы «Зенит» зымыранын ұшыруға қажетті инфрақұрылымды қабылдады.

Бұл туралы РИА Новости порталы ҚР аэроғарыш өндірісі және қорғаныс министрлігі аэроғарыш комитетінің атқарушы директоры Баубек Оралмағамбетовке сілтеме жасап хабарлады. Нысандарды беру процесі 2018 жылдың 1 наурызынан басталған.

Байқоңырдағы «Зенит» зымыранды кешенінің инфрақұрылымын Ресейден Қазақстанға қайтару процедурасы 1 маусымға дейін бітуі керек еді. Алайда қажетті тиісті құжаттарға нақты қол қою шаралары үш айдан алты айға дейін жалғасуы мүмкін.

Оралмағамбетовтың айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық тарап Байқоңыр ғарыш айлағының 42, 43, 45-алаңдарына 212 нысан қабылдады. Жуырда тағы 31 нысан ел меншігіне өтпек.

Абай-ақпарат

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572