Ақырыс Сейітқазы. Орыстар қызғаныштан жарылып барады
Қазақстанда өткен қысқы Азия ойындары туралы ресейлік сайттар тіс жармаған еді. 32 алтын алып, шоқтығымыз биіктеп қалғанда жұмған аузын ашпаған олар құрлықтық бәсеке біткесін сын садағын қадаған мақалалар жариялай бастады. «Russianskz.info» сайтының Мәскеудегі тілшісі Леонид Красноперов «Азиада ма, әлде Славяниада ма?» деп тақырыбын айқайлатып қойған мақаласында «Қазақстан үшін медаль жиған кіл орыстар, бірақ ашылу және жабылу салтанатында тек қазақтардың тарихы көрініс тапты» деп тулайды. Оның ойынша, үнемі көпұлтты саясатын алға тартатын Қазақстан өзін әлемге танытатын тарихи сәтте бастапқы ойынан тайқып шыға келіпті. «Спорт Казахстана на международном уровне в большинстве своем имеет славянские черты. Парадокс состоит в том, что представлены в культурном плане одни, а спортивных вершин достигают другие» деген сөйлеммен нені айтқысы келгенін ұққан шығарсыздар. Жарайды, медальдардың басым бөлігін орыстар салды делік. Бірақ, «Қазақстан Ресейдің бір бөлшегі болғанын әлем ұмытып барады. Ресей болмағанда Қазақстанның мемлекет ретінде ғана емес, ұлт ретінде күн кешуі мүмкін емес еді» деп байбалам салғанын қайтерсіз?! Ілік іздеуден шаршамайтын олар Азия ойындарын да өз пайдасына жаратып жатыр.
Қазақстанда өткен қысқы Азия ойындары туралы ресейлік сайттар тіс жармаған еді. 32 алтын алып, шоқтығымыз биіктеп қалғанда жұмған аузын ашпаған олар құрлықтық бәсеке біткесін сын садағын қадаған мақалалар жариялай бастады. «Russianskz.info» сайтының Мәскеудегі тілшісі Леонид Красноперов «Азиада ма, әлде Славяниада ма?» деп тақырыбын айқайлатып қойған мақаласында «Қазақстан үшін медаль жиған кіл орыстар, бірақ ашылу және жабылу салтанатында тек қазақтардың тарихы көрініс тапты» деп тулайды. Оның ойынша, үнемі көпұлтты саясатын алға тартатын Қазақстан өзін әлемге танытатын тарихи сәтте бастапқы ойынан тайқып шыға келіпті. «Спорт Казахстана на международном уровне в большинстве своем имеет славянские черты. Парадокс состоит в том, что представлены в культурном плане одни, а спортивных вершин достигают другие» деген сөйлеммен нені айтқысы келгенін ұққан шығарсыздар. Жарайды, медальдардың басым бөлігін орыстар салды делік. Бірақ, «Қазақстан Ресейдің бір бөлшегі болғанын әлем ұмытып барады. Ресей болмағанда Қазақстанның мемлекет ретінде ғана емес, ұлт ретінде күн кешуі мүмкін емес еді» деп байбалам салғанын қайтерсіз?! Ілік іздеуден шаршамайтын олар Азия ойындарын да өз пайдасына жаратып жатыр. Қазақстанға медаль жиған орыстар екеніне қанағат білдірмей, ашылу салтанатындағы қойылымдардың тікелей қазақ тарихына, салт-дәстүріне арналғанын да көп көруде. Сонда, тұңғыш рет қабылдаған тарихи ойындарда орыстарды жарнамалау керек екен. Бір жағынан, әлгілердің жанды жерден ұстағанын да ұмытпау керек. Азия ойындарында қатысқан қазақтың саны жиырмадан сәл асады. Жекпе-жек түрлеріне баса назар аударатын қазақ жастарын қысқы спорт түрлерінен кездестіру қиын. Азия ойындарына Жапониядан жапон, Кореядан кәріс спортшылар келді. Тіпті, алтын алмаса да, өзінен туған ұл-қызын бәйгеге қосқан Моңғолияның есебі түгел. Мінекей, шалт бассақ, шап беретін ресейліктер олқылғымызды орынды пайдалануда.
www.masa.kz сайты