Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қазақ жері 4014 1 пікір 7 Маусым, 2018 сағат 09:07

QazaqGeography: биылғы экспедиция несімен ерекшеленді?

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында   QazaqGeography Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамы «Киелі Қазақстан»  республикалық экспедициясын ұйымдастырған еді. Жыл сайын ұйымдастырылатын экспедицияның биылғы жылы өзіндік ерекшеліктері болды.  Мамыр айының 17-26 аралығында өткен экспедиция Орталық Қазақстан, Павлодар облысы мен Шығыс Қазақстанға бағыт алған. Қазақстанның белгілі ғалымдары, тарихшылары аталған өңірлердің киелі жерлерінде болып, сакралды картаға енген және енгелі отырған орындармен танысты.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Киелі Қазақстан» QazaqGeography Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамының және «Арал 2018» экспедициясының нәтижелері» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында  аталмыш қоғам менеджері Нұржан Алғашов пен Назарбаев университетінің ғылыми қызметкерлері экспедиция жайлы баяндап берді.

Географиялық қоғам менеджерінің айтуынша, саяхаттың  алға қойылған міндеттері орындалды. Біріншіден, жергілікті елді мекендердің экономикалық және географиялық ерекшеліктері туралы ақпараттар жиналып, экспедиция мүшелері үш аймақ бойынша тарихи нысандар тізімін толықтырды. Экспедиция мүшелері келешекте туристер үшін жол көрсеткіштері жүйесін оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін болады. Сонымен бірге, экспедицияға қатысушы ғалымдар жергілікті билік пен тұрғындар арасында су ресурстары мен олар қолданатын кәріз жүйелері жөнінде сауалнама жүргізіпті. Келешекте бұл мәліметтер Назарбаев Университеті зерттеушілерінің Қазақстанның су ресурстарын бағалау жөніндегі жұмыстарына қолданылмақ.  

«Экспедиция нәтижесінде Исабек Ишан Хазіреттің құлпытас эпитафиясынан бастап, ойрат және түркі тілдеріндегі жазбаша дереккөздерге дейінгі қырықтан астам дереккөздер цифрланып, жазбаша дереккөздер жиналды», дейді ұлттық географиялық қоғам өкілдері.

Сонымен қатар экспедиция барысында  география, климат, қоршаған орта, табиғи ресурстар, биоалуантүрлілік, туризм, өлкетану, этнография бағыттарында зерттеулер жүргізілген.

«Арал 2018» экспедициясы: Солтүстік Аралдағы жағдай жақсаруда

«Арал 2018» сапары Қазақстан мен Өзбекстан аумағы бойынша 7000 шақырымды және Қазақстанның тоғыз облысын, Өзбекстан және Қарақалпақстан Республикаларының жеті облысын қамтыды. Назарбаев университетінің гидробиолог ғалымдары жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында «Арал 2018» экспедициясы кезінде Оңтүстік және Солтүстік Аралдағы бірнеше нүктелерден су сынамалары іріктеліп алынып, Арал теңізі су қоймасының қазіргі жай-күйін зерттеу үшін гидрологиялық-гидрохимиялық параметрлері өлшенді. «Ғалымдардың алдын ала деректері Арал су қоймасының тұздылығы шамамен 3,5 промилледен 130 промиллеге дейін екенін көрсетті. Бұл ретте Солтүстік Аралдың тұздылығы кейбір жерлерде Оңтүстік Аралдағыға қарағанда 10 есеге аз. Мәселен, Оңтүстік аралда тіркелген 130 промилле орташа есеппен Әлемдік мұхиттың орташа тұздылығынан төрт есе жоғары», - дейді экспедиция жетекшісі Нұржан Алғашов.

Бұл ұлттық географиялық қоғамның Аралға екінші экспедициясы. Бұған дейін, 2016 жылы ғалымдар тобы Солтүстік Аралдың бірнеше бөліктерінде судың гидробиологиялық жағдайын зерттеген болатын. Гидробиолог – мамандардың айтуынша, Солтүстік Аралдағы жағдай жақсаруда. Оны теңіз тұздылығының төмендеу үрдісімен байланыстыруға болады дейді Назарбаев университетінің  ғалымдары.2018 жылғы экспедицияның ерекшелігі мұнда зерттеу спектріне Оңтүстік Арал да кірді.

«Арал 2018» экспедициясы Астана-Қарағанды-Балқаш-Шу-Мерке-Шымкент-Ташкент-Самарқанд-Бұхара-Хиуа-Нүкіс-Мойнақ-Оңтүстік Арал-Бейнеу- Бозой - Солтүстік Арал - Көкарал - Арал - Ырғыз - Торғай - Арқалық – Астана бағытында өтті.

Жүргізілген зерттеулер мен олардың қорытындылары биылғы жылдың күз айында  Kazakh.tv арнасында деректі фильм форматында халыққа ұсынылмақ.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570