Жексенбі, 24 Қараша 2024
4459 0 пікір 8 Маусым, 2018 сағат 09:46

«Тіл шебері-2018» республикалық конкурсы өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша « Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы» мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері-2018» республикалық конкурсын өткізеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Өтетін уақыты: 2018 жылғы 15 маусым

Іс-шараның басталуы:  14.00 сағ.

Өтетін орны: Ақмола облысы, Бурабай ауданы  «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы                                                                        

Конкурстың мақсаты: жаһандық өркениет пен еліміздің даму бағытына сай  үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген, жан-жақты білімді, өзінің саласында кәсіби құзырлы  мемлекеттік қызметші жастарды анықтап, қолдау көрсету;

Конкурс үш аталымнан тұрады:

1) «Тұсаукесер» – берілген тақырыптың мазмұнын қазақ тілінде толық ашу;

2) «Ұлттаным» – қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс және ағылшын тілдерінде жауап беру.

3) «Өнертаным» – берілген жаңылтпаштарды  үш тілде жаңылмай айту.

Байқау жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі және өнерпаздардың мерекелік концертімен аяқталады.

Қатысушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің өкілдері, Ақмола облысы  Бурабай ауданы зиялы қауым өкілдері.

Байланыс телефондары:    8 (7172) 40-83-97; 8 701 451 14 17, 8 705 100 59 08

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584