Жексенбі, 24 Қараша 2024
Абай.tv 15303 17 пікір 15 Маусым, 2018 сағат 08:32

Қазақстандық жұлдыздар қыздармен бірге жалаңаш отырып ауыз ашатын болыпты

Қазақстанның шоу бизнесінің өкілдері арнайы демалыс орнына барып, жартылай жалаңаш отырып ауыз ашатын болыпты. Facebook әлеуметтік желісінің "Жаға ұстатты" тобында жария болған видеода бірнеше өнер қайраткерлерінің жалаңаш күйде ауыз ашып жатқанын бейнелейтін видео пайда болды.

;feature=youtu.be

Бейне жазбаны түсірушінің айтуына қарағанда бұл "Апорт" сауда үйінің жаннынан ашылған "Маями" сауықтыру орталығы екен. Нұрлан Еспанов бастаған қыз-жігіті аралас жалаңаш ауызашарды Алмуша атты ханым ұйымдастырған. Әрине, қазір ештеңеге таң қалуға болмайтын уақыт.

Видеоны түсіріп тұрған Ақбота Керімбекова ауызашар дастарханын көрсетеді. Онда эстрада әншілерінің ішіндегі Нұрлан Еспанов пен Асхат Тарғын жартылай жалаңаш сүлгі жамылып отыр.

Десе де, діннің аты - дін.

Құдайдан Адамзатқа сый болған, он екі айдың сұлтаны саналатын Оразаны осыншама дәрежеде қорлауға болмайды. "Күнәға әр адам өзі жауапты" десек те, біздің ұрпақ осыларға еліктеп өсіп келе жатқанын ұмытпайық. Дер кезінде шектеу қойылмаса, алдағы жылдары ауызашарды саунада жасайтын "нонхаушылар" табылмасына кім кепіл?

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598