Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2253 0 пікір 17 Ақпан, 2011 сағат 04:07

Хорватияның Еуроодаққа қосылуы жөніндегі келіссөздер 2011 жылдың бірінші жартысында аяқталып қалуы ықтимал

БРЮССЕЛЬ. 17 ақпан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Хорватияның Еуроодаққа қосылуы жөніндегі келіссөздер қажетті реформалар жүргізіледі деген шартпен 2011 жылдың бірінші жартысында аяқталып қалуы мүмкін.

Бұл туралы сәрсенбі, 16 ақпан күні Страсбургтегі кезекті сессия барысында мақұлданған Еуропалық парламент қарарында айтылған. Еуропарламенттің баспасөз қызметі осылай деп мәлім етті.

Қарарда Хорватияның Еуропалық Одаққа енуі үшін қажетті реформаларды жүзеге асыруда ілгерілеушілікке қол жеткізілгені айтылған.

Алайда депутаттар Хорватия билігін жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, еліне келіп жатқан босқындарды қолдауға, сонымен қатар кеме жасау зауытын қайта құрылымдау жөніндегі жоспар қабылдауға шақырды.

Сондай-ақ еуропалық парламент Хорватия халқының басым бөлігі  Еуроодаққа мүшелік ету олардың елдеріне пайдасын тигізеді деп санамайтындықтан, осы мәселе бойынша алаңдаушылық білдірді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114