Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2655 0 пікір 17 Ақпан, 2011 сағат 08:57

Айкөркем Ерік. «Ит ләззаттан» ит өлімге дейін...

Құй сеніңіз, құй сенбеңіз: әр 12 минут сайын елімізде бір адам өзіне қол жұмсайды. Әр 2 сағат сайын бір бейбақ бұл жалған дүниемен қош айтысады. Ал жыл сайын 4 мыңнан аса адам өлімге өз аяқтарымен барады. Жан түршіктіріп, жаға ұстатар жаңалықты Сізге біз жеткізгенімізбен оны мамандар анықтап отыр. Бұлардың арасында балалардың үлес салмағы басым екен. Он екіде бір гүлі ашылмай жатып жалған дүниемен қоштасуға жаны құмар жастар, бесіктен белі шықпай шықпаған балалар бұл өмірден қалай баз кеше алады? Өкініштісі сол, күн санап үдеп бара жатқан тажалға ешкім тосқауыл бола алар емес. Қала берді, оның жұмбағын да шеше алмай отыр."

Құй сеніңіз, құй сенбеңіз: әр 12 минут сайын елімізде бір адам өзіне қол жұмсайды. Әр 2 сағат сайын бір бейбақ бұл жалған дүниемен қош айтысады. Ал жыл сайын 4 мыңнан аса адам өлімге өз аяқтарымен барады. Жан түршіктіріп, жаға ұстатар жаңалықты Сізге біз жеткізгенімізбен оны мамандар анықтап отыр. Бұлардың арасында балалардың үлес салмағы басым екен. Он екіде бір гүлі ашылмай жатып жалған дүниемен қоштасуға жаны құмар жастар, бесіктен белі шықпай шықпаған балалар бұл өмірден қалай баз кеше алады? Өкініштісі сол, күн санап үдеп бара жатқан тажалға ешкім тосқауыл бола алар емес. Қала берді, оның жұмбағын да шеше алмай отыр."

Күн тәртібінен түспей тұрса да тығырықтан шығар жолды тап басып ешкім айта алмауда. Біздің басты трагедиямыз да осы болып отыр. Соның кесірінен балалар суициді бойынша әлемде 1 орынға (?!) шыққанымыз жөнінде ешкім дабыл қақпайтыны қорқынышты. Оған қоса жеткіншектер індетіне айналып бара жатқан суицид жайында еліміздің Білім министрлігі де, Денсаулық министрлігі де жақ ашар емес. Дәрменсіздік танытуда.Көз бояушылыққа салып, әр-әр жерде дөңгелек үстел мен жиырма адамның басын қосқан жиын өткізумен шектеліп жүр. Соның бірі жақында Алматыдағы «Амансаулық» қорында өтті. Бұл жиынға дәрігерлер, психологтар, мұғалімдер... т.б мамандар қатысты. Енді сол жерде айтқан Республикалық психатрия, психотеропия және наркология орталығы суицидология және эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Наталья РАСПОПОВА-ның уәжіне құлақ түріп көрелікші.

«Балалар суицидінің басты себебі - ата-аналардың араққа салынуы. Кейде балалар өзінің өлім алдындағы қоштасу хатында анасының я, әкесінің осы қылығы үшін ұялатындығын, бұдан әрі ол шыдай алмайтынын айтады. Қала берді отбасындағы бала тәрбиесі де бұған басты себеп болып отыр. Ол - баланы тым қатты ұстау немесе тым еркіне жіберуден. Оның ішінде құрдастарымен кикілжіңге келіп керісіп қалу, махабат «машахаты», қыз бөлісе алмау, қылмыстық жауапкершіліктен қорқу, отбасының материалдық жетіспеушілігі» дейді ол.

Міне, Наташаның алға тартқан амалы. Рас, сөз арасында «экранные дети» деген терминді атап өткенімен, неге екені белгісіз, тілін тістеп қалды. «Ауруын жасырған өледі»...

Шындығында бұл дәрігердің алға тартқан себептерінің ішінде қазір бірді-екілі кездесіп қалатындары бар. Бірақ ол кісінің басты фактор деп араққа салынуды алға шығаруы тіпті шындыққа жанаса қоймайды. Бұл тым ескі сараптаманың қорытындысы болу керек. Өйткені жағдайы нашар, аз қамтылған отбасылар, араққа салынған ата-аналар балалар суицидінің басты себебі емес екенін бұған дейінгі орын алған оқиғалар дәлелдеп отыр. Өлген балалардың көршілері де, ұстаздары да, құрдастары да олардың қарапайым отбасыдан, ата-аналарының жібі түзу жандар екенін айтады. Демек Наташа ханым  кешегі Кеңес үкіметі кезінде кездескен кей деректер мен анализдерге сүйенсе керек. Ал соңғы суицидтердің ішінде қылмыстық жауакершіліктен қорқып, бұл қадамға барғандар тіпті жоқтың қасы. Демек дәрігердің ортаға салған тағы бір факторы негізсіз. Бұл біздегі індеттің өршуін қазып зерттей алмай отырғанымызды аңғартады. Хош делік. Сонда балалар бұл қадамға қалай баруда? Себебін біз іздеп көрелік.

Дәл осы ұғым тілдік қолданысымызға кейін ғана енді. Бұлар - «қауашағын» қара жешікке өз ықтиярмен берген, сана-сезімін интернеттің иірімдері тартып әкеткен, сол арқылы тәуелсіз ойлау еркіндігі шектелген, саналы шешім қабылдауда дәрменсіздікке ұшыраған балалар. Олар интернетке имандай сенеді. «Экранның балалары» атануы да оларды экран тәрбиелейтінінде жатыр. Бір ауық балаңыздың орнына Сіз отырыңыз да интернетен оның қандай  сайттарды шарлап, қанша конференция-форумдарға қатысқанына куә болыңызшы. Соңғы кездері зиялы қауым арасында «сайттарда сайтан жүр» деген пікір тарады. Рас-ақ. Сайттардағы «сайтан» Сіздің балаңызға «әдемі өлудің түрлі тәсілін» тегін ұсыннып жатса ше? Бұған бей-жай қарауға бола ма? Осындай қызмет ұсынған сайттар мен осыны талқылаған форумдар адым аттасаңыз жетіп артылады. Арнайы форумдарға қонақ бола қалсаңыз ондағы сауалдар мен кеңестерден төбе шашыңыз тік тұрады. «Зачем жить дерьмово, если можно красиво умереть?», «подскажите песню (под гитару) под которую можно красиво умереть?» ... осы сынды кете береді. Байқап тұрсаңыз, балаларды «кәсіби деңгейде» өлуге әбден баулиды екен. Қала берді, асылу үшін тиімді жерлер, арқан байлаудың тәсілдері схемамен, арнайы суреттерімен келтірілген. Өлетін адамның бойын үрей иектемесі үшін не істеу керек екені де тәптіштеліп жазылған. Ал енді өлмей көріңіз... Интернет - жарнама. Ажалдың өзін ажарлы етіп көрсетеді. Сөйтіп балаңыздың жаназасын да интернет шығаруы мүмкін. Ендеше, неге біздің отандық сарапшы мамандар осы тақырыпты көтермейді? Миллиардтаған халқы бар Кытай да интернетті қойша иіріп отырғанда біз неге бақылау орната алмаймыз?

«Ит ләззат» деп отырғанымыз жасөспірімдер арасында «собачий кайф»  талып кеткен ажалға апарар анық жол. Осы секундта-ақ «Бұл бәле қайдан шықты?» деген сауал санаңыздан саңылау тауып үлгергені анық. Бұл Кеңес үкіметінің тұсында да аракідік көрініс берген. Әсіресе жазғы демалыс лагерлерінде. Балалар жаппай бірін - бірі қылғындыруға көмектесетін болған. Сол арқылы қысқа уақыттық ләззат алған. «Басқа әлемге өту», «түрлі-түсті түстер көру», қысқасы, компьютер мен теледидар жоқ, ел тек радиоға иек артқан тұста балалардың аз уақыт ермегіне айналған қорқынышты ойын болыпты. Мұны дәрігерлер оңай  үсіндіреді. Қылғынған кезде ми оттегісіз қалады да адамның көз алдына түрлі елестер пайда болады. Бұл сәтте адам ит секілді мүлгіп, жіпті босатқан кезде тілі салақтап тынысы жиілеп, біртүрлі күйге кіретін көрінеді. Қорқыныштысы сол, бір рет бұл «ләззаттың» дәмін татқандар оған тәуелді болып қалады. Қайталағысы кеп тұрады. Ал санаулы минуттық ләззат үшін тәуекел етуден жарық дүниені қайта көре алмай кетуі мүмкін екеніне жастықтың буы бой бергізбейді.

Енді қараңызшы, дәл осындай оқиғалар бұдан бірер жыл бұрын Ресейде де қылтия бастады. Бірақ біздегідей емес, олар ауруын жасырған жоқ. Дереу зерттеді. Анықтады. Бақса, мыңдаған балалар интернетте «Собачий кайф», «Седьмое небо», «Космический ковбой» атты топтар құрған. Бұлардың барлығы өлімге өз аяғымен апарар жолдағы секундтык ләззат үшін бәрін беруге бар балалар екен. Кейін осылардың көбі ажал құшқан. Диагноз: «Механическая асфиксия путём удушения». Ал осы арада «біздегі балалар суицидінің тәсілдеріне неге арқанға я жіпке асылу тән» деген сауал туа кетеді. Осыған бір сәт үңілген жан бар ма? Рас, ажалға аяқ басар тұста әркімде қорқыныш болатыны сөзсіз. Бірақ бұл кезде адам мейлінше қиналмай өлуді таңдайтыны анық. Сондықтан бір қылғынып көріп, одан қиналмай, керісінше, ләззат алған жан өлуге де осы тәсілді таңдап алмасына кім кепіл? Ал енді арада қанша жыл өтсе де бұл «ойынға» балалар неге сонша ынтызар? Мұның жауабын да орыстар біздегі сияқты алыстан орағытпай-ақ, қарапайым түсінідіріп береді. Фарида Фурутина деген орыс психологы: - «Біріншіден, бұл еріккендіктен ғана. Өйткені бала қашанда жаңа нәрсені көруге, міндетті түрде оны өз тәжірибесінен өткізуге құмар. Екіншіден, көңіл көтерудің жақсы тәсілі секілді көрінеді.

Оған қоса жеткіншектер тәуекелдікті ұнатады. Әсіресе 12-15 жастағы балалар өздерін тым еркін сезінеді, өкініштісі сол соншалықты жауапкершілікті мүлде сезінбейді. Үшіншіден, «за компанию», яғни «көппен бірге көру» дегенді ұстанады. Кесірі сол, аяғы қайғылы аяқталады» дейді. Оған қоса ата-аналарға да кеңес береді: Балаңыздың жіпке әуестігін, қылғынып көргенін байқасаңыз, ұрсып ала жөнелудің, мораль оқудың мүлде пайдасы жоқ. Керісінше, оның ажалын жақындата түсуіңіз әбден мүмкін. Сондықтан балаңызды бұрынғыша айнала-толғана жүріп, психологқа қаратып алғаныңыз абзал. Сондай-ақ балаға «аурусың» деген түсінік қалыптастырмаған да абзал. Мейлінше, ала жіптен аластатып, қызықты әрі қажетті дүниелерге ынтықтырыңыз. Сондай-ақ оның ортасын зерттеп, көзіңізден таса қылмаңыз.

Міне, осыдан соң-ақ Ресейде балалар суициді сап тыйлмағанымен бірден сиреді. Ал бізде ше? Біздің еліміздің көп пайызын мұсылмандар құрайды. Ал ислам дінінде пенденің өз-өзіне қол жұмсауы үлкен күнә болып саналады. Бұрынырақта өз-өзіне қол жұмсаған жанның жаназасы да шығарылмайтын. Елеусіз қалып, ит- құсқа жем болатын да кез өткен. Өкініштісі сол бізде мұсылман бауырларымыз көп болғанымен дін төңірегіндегі әңгіме даудан арылмай келе жатыр. Бұл адасушылыққа әкеп, ақыры өз-өзіне қол жұмсап жүрген балалар ата-бабасының зиратын талқандады. Біздегі дін өкілдері әрнәрседен ілік іздеп, «Аллаға серік қосты» деп түрлі қиянатқа жастарды айдап салғанша, «6 жасар қызыма мектепке орамал таққыздыртам» деп елмен дауласқанша, минут сайын өлімге жақын кеп, ажалға аяқ басқалы жүрген жастарды өмірді сүюге ұмтылдырып, ізгілікке шақырмай ма? Тәубаға келтіріп, ішкі күйзелістерден арылтып, көмекке келсе жүз, мың есе сауапты іс болмас па еді дейміз ғой баяғы.

Білесіз бе, біздегі балалардың біраз бөлігінің жан-дүниесі жетім. Орыстар мұны «душевная сирота» дейді. Оған бала ата- анасы ақша соңында кетіп, баласын бала құрлы көрмей кеткен кезде ұшырайды. Ананың аялы алақанын, әкенің жүрек жылуын сезінбеген бала әрдайым өзін жалғ

ыз сезінеді. Өзінің олардың «бауыр еті» екендерін сездіру үшін ол бәріне даяр болады. Ақыры оны өлімімен дәлелдейді. Бірақ ол кезде тым кеш болады. Сондықтан, аялы алақан мен жүрек жылуыңызды аямаңызшы.

P.S. «Ұлт боламын десең ұрпағыңды ойла»... Бұл министрліктердің орынтағына күні кеше ғана қонжиған Бақытжан Жұмағұлов пен Салидат Кайырбекова ханымға да қарата айтылған сөз деп ұққан абзал. Соңғы жылда сан соқтырып отырған суицидке тез арада сапалы сараптама жасап, себеп- салдарын анықтау қажет. Оның жолын кесудің жолдарын жан-жақты іздестіру керек. Әйтпесе, түбімізге «ит ләззат» жетіп жүрмесіне кім кепіл?

Түпнұсқадағы тақырып: ««ИТ-ЛӘЗЗАТТАН» ИТ-ӨЛІМГЕ ДЕЙІН... немесе «Собачий кайф» - суицидтің «сара» жолы»

Arhar.kz сайты

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475