Жексенбі, 24 Қараша 2024
Арылу 5598 29 пікір 19 Маусым, 2018 сағат 10:29

Әзімбай Ғали. Елбасы Қытайға барғанда қазақ мәселесін көтерді деп ойлаймын

Президенттің Қытайға сапары тек кредит алу, экономикаға қарқын беру мақсатында болған жоқ. Меніңше, осы жолы Елбасы қазақ мәселесін көтерді деген ойым бар.

Қытай өз ішкі істеріне араласуды жақтырмайды. Бірақ содыр саясат жүргізген Шыңжандағы билеуші өз билік тарапынан қатты сыналды да, орнынан алынды. Қандастарының Шыңжанда жаншылуы Қазақстан тарапынан да адекватты бағалау алды. Сыртқы Істер министрлігі тарапынан Қытайға дипломатиялық нота тапсырылды. Алматыда бірнеше бейресми протестік акциялар да болды. Қазақ, қырғыз һәм ұйғыр тараптарынан да бейресми саяси протестік шаралар өткізілді. Сол сияқты халықаралық институттарға жергілікті ұлттардың жаншылуы туралы арыз-шағымдар мен өтініштер жіберілді. Ал АҚШ пен Еуропалық Одақ бұл құжаттарды пайдаланып Қытайға қосымша санкциялар салу ықтималдығы бар.

Мұның бәрі ол жақтағы қазақты жаншу саясатын жұмсартады-ау деп ойлаймын. Қытай - коммунистік жүйеден пәлендей қайтпаған мемлекет. Оның үстіне оның империялық дәмесі де бар. Қытай ұлттық азшылықтар мәселесін түпкілікті қытайландыру арқылы шешпек. Басқа ұлттық азшылықтардың біразын жұтып үлгерген, бірақ мұсылмандарды қытайландыру ассимиляциялау жолын әлі тапқан жоқ. Тіпті тибеттіктерді де сіңіре алған жоқ. Мүмкін оған ұзақ кезең керек сияқты.

Қытайдың даму қарқыны алда бәсеңдей түседі: экономикалық қарқын 12%- ден 6%- ға түсті. Біздің ойымызша, Қытайдың экономикалық өсуінің астарында социализмге тән "қосып жазу" дерті бар секілді. Болашақта Қытайда нарықтық һәм саяси либерализм , құқық пен өзін өзі басқару жүйесінен таю үрдісі қарқын алады. Яғни, бүгінгіндей аз ұлттарды жаншу саясаты жүргізіле берсе, түбі тығырыққа тіреледі.

Түбінде Қытай КСРО-ның кейпін киеді, дағдарысқа түсіп ыдырайды. Қытай жақын болашақта бірқатар мемлекеттерге агрессивті пиғыл көрсетуі мүмкін. Сонымен бірге, Қытайдың саяси дәстүрінде өзі жіберген қателіктерін өзі батыл мойындайтын дәстүрі де бар. Сондықтан қауіп пен үміт қатар өрілер заман туды. 

Abai.kz

29 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576