Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 7354 8 пікір 25 Маусым, 2018 сағат 09:40

Ешкім шатақ шығарған жоқ еді

Кешеден бері Қытай жігітіне тұрмысқа шыққан қыздың сырға салып жатқан суретін жолдап, "бұған не істеуге болады?, Бұған жол жоқ" деп, оқырмандардан хабарлама келіп жатыр.

Қаншама бойжеткен қытайдан бала туып, Ақтөбе, Атырауда , Алматыда өмір сүріп жатыр. Олардан сұхбат алып, телеарнадан екі жыл бұрын көрсеттік. Ешкім шатақ шығарған жоқ еді. Бұл жолы еркектердің өре түрегелуіне не түрткі болды?

Сол ақпаратты жолдаған адам кім? Мақсаты не? Әлеуметтік желінің көмегімен біреуден кегін алып, көздеген ойын жүзеге асырған жоқ па?

Осы жұртты дүрліктірген адам бәлкім сол тойда билеп , пакетіне сарқытын толтырып қайтқан шығар.

Өз ойым ғой . Шақыру қағазын не үшін жариялады екен деген сауал да мазалайды.

Ал оқырмандардың хабарламасына ешқандай жауап жазған жоқпын. Әркім өз өміріне жауап беруі керек. Күйеуін атарға оқ таппай жылап жүргендердің сүрінгенді табалағанда төбе шашым тік тұрды.

Жазира Бегалының Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552