Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3176 0 пікір 19 Ақпан, 2011 сағат 05:40

Қарағанды облысының сот жүйесінде төрағалар ауысты

ҚАРАҒАНДЫ. 19 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Қарағанды облысының сот жүйесінде кадрлық өзгерістер болды. Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етіп отыр.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, аудандық соттардың төрағалары ауысты.

«Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының төрағасы болып бұрын Қарағанды қаласы Октябрь ауданының сотын басқарған Асан Маратбаев тағайындалды. Бұрын Бұқар жырау аудандық сотының төрағасы болған Қайрат Шағатаев Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының төрағасы болды. Ал бұрын Ақмола облысы Егіндібұлақ ауданы сотын басқарған Болат Әбдікеров Бұқар жырау аудандық сотына төраға болып ауысты», - деп хабарлайды Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Тағайындалған барлық басшылар сот жүйесінде үлкен тәжірибе жинақтаған адамдар, деп атап өтті облыстық соттың баспасөз қызметі.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 669