Жексенбі, 24 Қараша 2024
Алашорда 8374 12 пікір 26 Маусым, 2018 сағат 10:33

Ресейлік әсіреұлтшыл тарихшылар дәлелдей алмаған фактілер

1. Мәскеудің (Московия) атауын тек XVIII ғасырда, 1721 жылы ғана І Петр Ресей (Россия) деп өзгерткен.

2. «Моқшы (Мокш, мокшане) тайпасы өздерінің өзендерін Москва (Мәскеу, Мосқау, Мақсу ма екен?) деп атаған, яғни, «Лас су» деген мағына береді. Әлемде ешбір тіл Москва сөзіне түсінік бере алмайды» деп тұжырады орыс ғалымдары. Сөйтеді де, «Моқшы тілі угоро-финн тіліне жатады, ал ол Орал әулеттік тілдер классына тиесілі. Моқшы тілінде Татарстан, Бұлғария, Венгрия жерінде қолданатын аз ғана субэтнос бар» деп тағы да нақты дәлел келтіреді. Сібірге дендей еніп, Еділді жайлаған, Алтын Орданың негізгі авангард күші болған, Шыңғыс әулетіне аянбай қызмет ете жүріп.., жұтылып кеткен моқшы тайпасы қазақтың түп туысы, тел-тамыры емей кім болады, сонда? «Моқшы» ма, «мың оқшы» ма, олардың кім екенін тек 1926 жылы ғана санақ жүргізген кеңес үкіметі ашып айта ала ма?!.
Санақ барысында төрт жарым мыңның үстінде ғана адам қалды деген сол моқшыдан дара талант - Василий Шукшин туды.

3. «Кремль - татар сөзі, беріктікке, нығаюға бірігу дегенді білдіреді» дейді орыс ғалымдары. Ол біздің "құрамалы" ма әлде "қормалы" деген сөзден шыққан ба?!.

4. Орта ғасырда Еуропаның барлық картографтары Еуропа шекарасының шегін Русь шекарасымен іргелей сызған. Ал, Русь дегеніміз - қазіргі Украина территориясына тиесілі аумақ. Московия - өзіне бодан финн жұрағатымен қоса Орда қарамағындағы ұлыс болған. Еуропа тарихшылары мен жұрты бұл жерлерді "Азияға тиесілі" деп шынайы бағалауда.

5. Московия (Россия) Алтын Орданың заңды мұрагері болған.., өзінің суверені әрі қожайыны - Қырым хандығына 1700 жылға дейін алым төлеп тұрды. Московия патшасы Қырым елшісін Басұру төбесінен (Поклонная гора) күтіп алып, өзінің атына мінгізетін де, атты жетектеп Кремльге салтанатпен әкелетін. Сосын елшіні өз тағына отырғызып, өзі оның алдында тізерлеп тұратын.

6. 1610 жылы Борис Годуновтың (орысша. Мурза Гудун) тұсында Шыңғыс әулетінің династиялық билік құруы тоқтады да, одан кейін орда қызметіне сіңген финнің Қобылы әулетінің ұлы Алексей Кошк (Алексей Михайлович) таққа отырды. Таққа отыру салтанатында шеркеу дінбасылары оған Романов деген тек беріп, Московияны басқаруға Римнен келген ақсүйек деп жариялады.

Патша ауласында дәрігер болған ағылшын Сэмюиэль Коллинз өз күнделігінде «Алексей патша бүркітпен, тазымен аңға шығуды жақсы көрді. Оның сұңқарларын бағатын үш жүзге тарта құсбегісі болды.., Сібірден ең ұшқыр лашын құстарды алдыртатын...» деп жазады.

7. ІІ Екатерина Ұлы Литовск Кньяздігін (қазіргі Белорусия) толықтай жаулап алғаннан соң, 1795 жылы Московия құрамындағы угор-финн тайпаларын «Ұлы орыс» (Великоросс) деп, ал шынайы Русь әулетіне жататын (украиндарды) ұлт өкілдерін «Кіші орыс» (Малоросс) деп атауға арнайы жарлық шығарды.

8. Ешкім де ешқашан да Богдан Хмельницкий мен Алексей Романов патша Московия мен Украинаны біріктіру мақсатында өзара жасасты деп жүрген "келісімшарттың" түпнұсқасын еш жерден кездестірген де емес, көрген де емес!

9. Дмитрий Донской Мамайды жеңді деп ойдан шығарған жасанды жырды тарихқа айналдырғысы келсе де.., әлі күнге бірде бір археологиялық зерттеулер Куликов даласында болған шайқасты дәлелдейтін нақты жәдігерді бірнеше ғасыр бойы іздесе де, таба алмай келеді.

10. Ресей Федерациясының территориясындағы Псков, Новгород, Смоленск облыстары Московия-Орда билігі 1462, 1478, 1654 жылдары басып алғанша ежелгі Русь иелігіне (Киев) тиесілі жерлер болатын. Московияның тарихи атауы өзгермей тұрғанда басқа аймақтарында славян тайпалары мен ұлты ешқашан болған емес еді...

°°° ° °°°

Ескерту:

Деректер ТМД тарихшылары қатысқан ресейлік пікірталас форумында әсіреұлтшыл тарихшылар дәлелдей алмаған фактілерден түзілді.

Қанат Ескендір 

Abai.kz 

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562