Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 7543 8 пікір 28 Маусым, 2018 сағат 08:44

Қытай жұмысшыларына қатысты тарап жатқан ақпараттар - 100 пайыз арандату!

Уатсап арқылы тарап жатқан Алматы облысының аумағындағы қытай кәсіпорындары мен жұмысшыларына қатысты тарап жатқан ақпараттар 100 пайыз арандату!

Анығын атқарушы билік түсіндіре ме, жоқ па, өздері білер. Бірақ, Талдықорған - Үшарал бағытындағы автобан құрылысын жүргізу үшін қытай компаниясының 3 аудан аумағынан бірнеше жұмысшылар қалашығын тұрғызғаны рас! Ақсу ауданы аумағында осы жағдайға қанық адаммен өзім сөйлестім. Әзірге жергілікті тұрғындар тарапынан жаппай бой көрсету, қарсылық білдіру байқалмаған. ҚХР мемлекеттік туынының желбіреуіне қатысты наразылық сөздер айтылған екен, қазір қалашықтардағы қызыл жалау алынып тасталған. (Жалпы, бұл жайлы да аңыз тарап кеткен ғой).

Енді елдің көңіл күйі туралы: анау айтқандай фобия мен контрәрекет байқалмайды! Мүмкін іштей тастүйін болу шығар, бірақ жақын арада облыста "әлдекімдер" күтетіндей "соғыс" болмайды!

Ел қойын құрттап, айранын ұрттап жүріп жатыр.

Бірақ, ақпарат арандатушылығы бола беретін шығар, өйткені ресми тарап үнсіз ғой.

Айтпақшы, кеше Талдықорғанда екі облыстық газеттің 100 жылдығы тойланды. Дәл сол кезде уатсапта ана әңгіме "копироват, вставит" болып жатты. Қайраткерлер, біз ұлт жанашырлары деп танитындар көп жиналды. Ешкім ел ішін кезген сөз туралы айтпады. Есесіне, ағаның ініні "шошқа" деп тілдеп, әкім беретін конвертке талас болды. 

Қысқасы, ел аман, жұрт тыныш!

Мереке құтты болсын, әріптестер!

Қалмаханбет Мұхаметқалидың Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552