Сенбі, 23 Қараша 2024
Енді қайттік?.. 6371 4 пікір 28 Маусым, 2018 сағат 16:17

Зейнетақы қорының ақшасы квазимемлекеттік компанияларға құйылғаны белгілі болды

Зейнетақы қорының ақшасы Қытай компанияларына құйылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат КТК телеарнасының жаңалықтар бөліміне сілтеме жасай отырып.

Жұрттың кәрілікке жиған ақшасы енді Қытай мен Үндістанның квазимемлекеттік компанияларына құйылған. Бұрын активтерді тиімсіз кәсіпорындарға аударып, әуреге түскен  қаржыгерлер бұл жолы инвестициялар дер кезінде, әрі мол табыспен қайтады деп сенімді. Десе де, бұл жағдайдың қамсыз қарттықты аңсайтын халықты алаңдатпай қоймайтыны белгілі.

Мамандарға сенсек, алаңдауға еш негіз жоқ. Тәуелсіз экономистер де зейнетақы қорындағы ақшаның текке жатпай, табыс әкелгені дұрыс дейді. Бірақ, Әзірбайжан банкінен қайтуы бас қайғыға айналған 71 миллиард теңгенің көптің көңіліне күдік ұялатып қойғаны бар.

Жалпы жинақтарды инвестициялау Ұлттық банктің құзырындағы мәселе. Сол бас банк ештеңеге қарамастан, өткен жылы зейнетақы активтерін Польша мен Бразилия, Мексика, Индонезия сынды дамушы елдер Үкіметінің бағалы қағаздарына сала бастаған еді. Міне, осы стратегияның жалғасы ретінде Ұлттық банк өткен айда Үндістан мен Қытайдың квазимемлекеттік секторына да қаражат аударған. Бақандай 30 миллиард теңге. Сөздеріне сенсек, қазақстандықтардың ақшасы тек кредиттік рейтингі жоғары компанияларға құйылыпты.

Қадыржан Забих, «БЖЗҚ» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры:

- Инвестициялар өте құнды, экономикалық ресурстары бай елдерге салынады.  Бұл инвестициялар сол елдердің Үкіметтері тарапынан бақыланып, қаралып отырады. Мұның бәрі олардың несиелік тәуекелділігін төмендетеді.

Қыруар  қаражат шет мемлекеттерге бұдан әрі де инвестициялана бермек.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543