Жұма, 29 Наурыз 2024
Абай.tv 5621 1 пікір 2 Шілде, 2018 сағат 12:44

Ержан Шынкеев  қазақ күресінен «Қазақстан барысы» атанды (Бейне)

Қарағандылық Ержан Шынкеев  қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің жаңа чемпионы атанды.

Қарағанды облысының балуаны алыптар арасындағы республикалық сайыстың финалында «Әскер барысы» Ерасыл Қажыбаевтан ұпай санымен басым түсті.

Ержан бұған дейін төрт мәрте «Қазақстан барысына» қатысқан. 2013 жылы күміс жүлдеге қол жеткізген еді. 33 жастағы тәжірибелі спортшы көздеген мақсатына жетіп, еліміздің түйе балуаны атанды.

Ал финалда Шынкеевке есе жіберген Ерасыл Қажыбаев «Әскер барысы» сайысында топ жарғаны белгілі. 24 жастағы семейлік жігіттің салмағы – 151 келі. Ол биылғы «Қазақстан барысындағы» ең ауыр балуан болды.

Қола жүлде семейлік Айбек Нұғымаровқа бұйырды. Үшінші орын үшін болған белдесуде Айбек түркістандық Ерсұлтан Мұзаппаровты жеңді.

Чемпион атанған Шынкеевке алтын тайтұяқ пен 25 миллион теңге табыс етілді. Күміс жүлдегер Қажыбаевқа 5,5 миллион бұйырды. Ал Айбек Нұғымаров 1,8 миллион теңгені еншіледі. Жүлделі болған балуандардың жеке бапкерлері де қомақты қаржылай сыйлыққа ие болды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3620