27 маусымда Мәскеуде Путинмен кездескен Болтон 1 шілдеде CBS агенттігінің Face The Nation бағдарламасына "Президент Путин бұл мәселе туралы менімен ашық сөйлесті және мен оған біздің Украина мәселесінде келіспейтінімізді айттым" деді.
Дональд Трамп пен Владимир Путин 16 шілдеде Хельсинкиде бірінші рет жүзбе-жүз кездеспек.
29 маусымда Трамп Ресейдің 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алғанын мойындайтынын жоққа шығарған. Ол журналистердің "Вашингтонның Қырым аннексиясын мойындамау ұстанымынан бас тартасыз ба?" деген сұрағына "Оны болашақта көре жатармыз" деген. Ол "АҚШ-тың Ресейге аннексияға байланысты салған санкцияларын жою ниетіңіз бар ма" деген сауалға да осылай жауап берген.
Трамп Птинмен кездесуінде Вашингтон мен Мәскеудің нашарлап кеткен қарым-қатынасын жақсартуды мақсат тұтатынын айтқан.
Болтон Вашингтон аннексияға қарсы ұстанымын өзгертуі мүмкін екенін жоққа шығарды. "Бұл - АҚШ-тың ұстанымы емес" деді ол CBS агенттігіне.
Abai.kz