Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
4500 0 пікір 3 Шілде, 2018 сағат 13:07

Қырғызстан мемлекеттік қызметкерлердің декларациясын жіті тексермек

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы қызметкерлерімен кезекті жұмыс отырысын өткізді деп хабарлайды мемлекет басшысы аппаратының ақпараттық саясат бөлімі.

Сооронбай Жээнбеков кеңес отысында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап декларациялық кампания бастағанын, осыған орай мемлекеттік қызметкерлердің табысы мен шығынын жіті тексеруді тапсырған.

«Әрбір министрлік пен ведомствоның коррупциялық тәсімдерінің бар, жоғын, оның ішінде шенеуніктерді де жеке-жеке тексеріңдер. Тағы да қайталаймын — коррупциямен күрес аяусыз болуы керек. Азаматтар жемқорлықты жою үшін іс-әрекет пен қатаң жаза күтеді»,- деп атап өткен қырғыз президенті.

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Дамир Сағынбаев бүкіл декларацияны тексеруге арналған құқықтық база дайын екенін жариялаған.

«Үкімет тарапынан декларацияларды тексеру механизмін анықтайтын арнайы қаулы қабылданды. Бірінші кезекте саяси қызметте отырған жоғары лауазымды тұлғаларды, оның ішінде президент аппараты, үкімет және Жогорку Кеңеште отырған шенеуніктерді тексереміз», - деген Дамир Сагынбаев.

Тексерудің алғашқы қорытындысы биыл қыркүйек, қазан айында жарияланбақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1164
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2690
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 805
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 778