Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
5774 0 пікір 3 Шілде, 2018 сағат 13:09

Түркімен президентінің тұлпары Гиннесстің рекордтар кітабына енді

Түркіменстан кезекті рет Гиннесстің рекордтар кітабына енді. Бұл жолы түркімен президентінің тұлпары рекорд көрсеткен.

Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, ел президентінің Ақалтеке тұқымына жататын арғымақтар кешеніндегі Акхан тұлпары артқы аяқтарымен тік тұрып, он метрлік қашықтықтағы мәре сызығынан 4,19 секундта өтіп, Гиннесстің рекордтар кітабына енген.

ТДХ ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, түркімен арғымағы 2016 жылдағы көрсеткішті екі есеге асырған.

Мемлекеттік арналар бұл рекордты президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің елді әлемге танытудағы орасан еңбегіне теліп жатыр.

Ақалтеке арғымақтары - Түркіменстанның ұлттық мақтанышы. Жалқы шаруашылығын ел президенті өзі бақылайды. Президент Бердімұхаммедов тұлпарлар туралы бірнеше кітап жазып, ат шабыстарына да қатысып жүр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730