Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
4172 0 пікір 3 Шілде, 2018 сағат 13:10

Эмомали Рахмон: "Туристерден ақша бопсалайтын күш құрылымдары - ұлттың сатқындары"

Тәжікстан президенті шетелдік туристер мен саяхатшыларға дөрекілік көрсететін күш құрылымдары қызметкерлерін қатаң жазалауды талап етті. "Мұндай адамдарды ұлттың сатқындары деп жариялау керек" деп мәлімдеді Эмомали Рахмон Соғды облысына барған сапары кезінде.

Мемлекет басшысының сөздеріне қарағанда, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дөрекі әрекеттері мен ақша бопсалауы салдарынан, шетелдік туристер елге келгісі келмейді. "Ең жаманы солар үшін елдің әлем алдындағы абыройына нұқсан келеді", - деп атап өткен Эмомали Рахмон.

“Қонақтар мен туристердің ұлттық мәдениет, салт-дәстүрімен таныстығы қақпадан басталады, яғни шекара мен кеден бекеттерінен. Өткізу бекеттерінің жауапты қызметкерлері мұны жақсы сезінуі тиіс. Олар өркениетті тәжік ұлтының өкілі екенін ұмытпауға тиіс”, - деп атап өткен мемлекет басшысы.

"Егер болашақта милиция қызметкерлері, кеденшілер не шекарашылар туристерден ақша бопсалап, елге саяхат жасауына кедергі келтіретін болса, оларды елдің, ұлттың сатқындары деп жариялау керек", - деп мәлімдеген Эмомали Рахмон.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1115
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2649
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 770
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 736