Сенбі, 23 Қараша 2024
3746 0 пікір 3 Шілде, 2018 сағат 13:13

Путин Украинадан Қазақстан мен Қырғызстанға азық-түлік транзитіне шектеуді ұзартты

2 шілдеде Ресей Украина өнімін өз аумағы арқылы Қазақстан мен Қырғызстанға жеткізуді шектеуді тағы да жарты жылға ұзартты. Тиісті жарлыққа Ресей президенті Владимир Путин қол қойды деп хабарлайды жергілікті құқықтық ақпарат порталы.

Жаңа санкция келесі жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасады.

2015 жылдың желтоқсан айында Ресей Украинамен сауда қарым-қатынасын шектейтін бірқатар заң қабылдаған. Солардың ішінде ТМД аясында еркін сауда зонасы жөніндегі келісімді тоқтатқан. Бұл тыйым 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген.

Сол жылы 2 қаңтарда Украина ресейлік тауарларды импорттауға тыйым салған.

2016 жылы Ресей Украина тауарларын өз аумағы арқылы экспорттауға мүлдем тыйым салған. Украина экономикалық даму министрлігінің мәліметі бойынша, Ресей арқылы транзиттің көлемі жылына 1,8 миллиард долларды құраған.

Украина Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында Ресей алған міндеттемелерін бұзып отыр деп мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349