Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
6378 0 пікір 10 Шілде, 2018 сағат 19:54

Шекара қызметі академиясында жас офицерлерді шығарып салу кеші өтті

Жуырда Алматы қаласында орналасқан ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясында жас офицерлерді шығарып салуға арналған мерекелік шара өтті.

Аталған іс-шараға ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Шекара қызметі директоры, генерал-майор Айтқалиұлы Дархан Дилманов бастаған ұзын-ырғасы 20-ға жуық генерал келіп қатысты.

Мерекелік шараға арнайы келген қонақтар қатарында Қырғыз Республикасының Мемлекеттік Шекара қызметі кадрлар бөлімінің басшысы, полковник Кенешбекұлы Тұратбек Шабданбеков, Қырғыз Республикасы МШҚ білім бөлімінің басшысы, майор Таштанбекұлы Таалайбек Жүсіпов пен Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің ардагерлері болды.

Салтанатты жиын ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Шекара қызметі директоры, генерал-майор  Дархан Дилмановтың алғы сөзінен кейін жалғасты.

60 жұп офицерлік вальс биін биледі. Әскери оркестр өз өнерлерін көрсетті. 2 дивизионның 40-қа жуық курсанты саптық әдіс көрсетті. Қоян-қолтық ұрыс жағдайынан көріністер келтіріп, әскери машықтарын жиылған жұртқа паш етті. Жас офицерлердің жауынгерлік рухын көтеретін әскери патриоттық әндер орындалды.

Биыл, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясын 200-ден астам түлек аяқтап, лейтенант атағын иемденіп отыр. Олардың қатарында Халықаралық келісімдер негізінде 30-ға жуық шетелдік студент диплом алды.  Шетелдік түлектердің сапында Қырғызстан, Тәжікстан мен Ауғаныстаннан келген азаматтар бар. Олар Халықаралық келісімдер негізінде оқуға қабылданған.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Академиясы тәуелсіздік жылдары 6000-нан астам шекарашы офицерлерді дайындап шығарды. Оқу орнының 45 түлегі Кеңестер Одағының батыры атанса, 5-і Ресей Федерациясының батыры атағына ие болды. Академияның 300-ден астам түлегі ең жоғарғы әскери атақ «генерал» шенін алды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1033
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2581
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 720
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 684