Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 5894 37 пікір 5 Шілде, 2018 сағат 13:44

Мейрамбекке бір "қатырма қағазыңды" қимайсың ба, қазағым?

 

Әйгілі музыкант, әнші Мейрамбек Беспаев 27 маусым күні Л.Гу­милев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінде Мәдениеттану мамандығы бойынша магистрлік диссертациясын қорғап шықты. Мейрамбек Беспаевтың ғылыми жетекші­сі – академик Ғарифолла Есім болды. Университет басшылы­ғының ұсынысы бойынша, диссертация қорғау рәсіміне қалаған адам келіп қатысуына мүмкіндік алғанын Беспаев әлеуметтік желіде жазды. Сол сол-ақ екен, "азаматтыө журналистиканың" белсендісі болып алған бүгінгі жұрттың пікірі екіге жарылды. Бір жағы Мейрамбектің ғылымға ден қойғанын құптаса, келесі жақ керісінше пікір айтып кергілесуде. Мысалы, әншілердің диссертация қорғағанына күмәнмен қараған университет профессоры Мырзантай Жақып facebook парақшасында: «Қазақстанның бүкіл телеарналарын түгелдей жаулап алып, енді жоғары оқу орындарының магистрату­ралары мен PhD докторантура­ларын меңгеріп-игеруге лап қойған қалтасы қалың жұл­дыздар мынадай қарқындары­мен бір күні Білім және ғылым министрі, Ұлттық экономика министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі ми­нистрі, тағы басқа лауазым иелеріне айналып жатса, тіпті де таңғалуға болмайтын жағ­дайға жеткен секілдіміз», – деп жазды. Артынша өз сөзіне өзі түсінік беруді жөн көрген профессор "әнші-жұлдыздар да диплом қорғасын, бір-ақ олар ЖОО-ның ақылы бөлімдерінен қорғасын. Мемлекеттік грантты негізінен болашақ мәдениеттанушылар, ғылымға берілген шын таланаттар иеленгені жөн" деді.

Мейрамбек дипломын қорғап алғалы аптадан асса да, әлеуметтік желідегі әңгіме әлі тиылмай тұр. Сол әңгімелердің бір парасы былай болып келеді.

Сержан Қасен: 

- Мейрамбек Беспаевтың қорғайын деп жүрген дипломдық жұмысының тақырыбы: "Алтынбек Қоразбаевтың қазақ мәдениетіндегі орны" екен.
Осындай факультет, осындай тақырып кімге керек? маған мысалы наxқа да керек емес. Одан да "Жалбыздың асқазан ауруларын емдеудегі рөлі" деген тақырып мен үшін ғана емес, адамзат үшін де әлдеқайда құндырақ болар еді.

Заңғар Кәрімхан:

- Несі бар, жанына жақын тақырып! Бала кезінен жақсы білетін, жақсы танитын дүниені жазу керек қой жазған соң! Ғылымға пайда әкелмейді деп ойлайсыз ба? Қателесесіз! Қазіргі қазақ қоғамы қоразбаевтануға мұқтаж ғой. Анау тану, мынау тануларға қарағанда. "Бұлақ көрсең, көзін аш" дегендей, өнер жолына, үлкен өнерге қаршадай Мейрамбекті әкелгенінің өзі не тұрады?! "Ауыл сахнасының озық әншісі" қалайша "Қазақстанның халық әртісі" атануының сыры кімге керек болмасын?! Мысалы, маған қызық! Қалай жоғары атақ алуға болады, оған жетудің қандай жолдары бар, нені үйреніп, нені меңгеру керек дегендей... Бұл диплом жұмысы эстрада саласына қосылғалы тұрған "үлкен еңбек" емес пе? Ал сіздер бағалай алмай жатырсыздар!

Ешбір сабаққа қатыспаса да (қайдан қатысады концерттер мен гастролдік сапарларда жүрсе, арасында қазағының той-томалағы бар), дипломын өзі жазып шыққан! Қайта уақыт тауып жазып шыққанына рақмет айтуымыз керек! Абай атамыз айтқандай, "көгалды қуып гөлайттап, қызықпен жүріп жазды алса" не болар еді?! Және өзі ашық түрде қорғаған екен! Мейрамбек Бесбаевтың дипломы құтты болсын!
"Іші тар", "көре алмайтын" адамдар сөйлей бермесін!

Ақберен Елгезек:

- Мейрамбек өзін ешқашан әншімін деген емес. Биік өнерді түйсігімен терең таныған соң, ол өзің музыкантпын деп есептейді. Ол оның берік позициясы. Бұл - бір. Ал, эстрада майданында қазақ әніне тәуелсіздік алып берген бірден бір музыкант болса, ол тағы да - Мейрамбек! "Музарт" тобы құрылып, ел бұларды жаппай тыңдай бастаған кезден бастап, жұрт Ресейден келетін әншілердің концерттеріне баруды доғарды. Соның бастауында кім тұрды? Мейрамбек! Халықты ескі-жаңа термелермен сусындатқан кім? Мейрамбек! Қазір жас әншілерге аға боп, бас-көз боп жүрген де осы маңдайы жарқыраған нағыз қазақ! Бала кезден "бозторғайша" шырылдап, қазақ өнерін аспандатқан оғланыңа бір жапырақ дипломыңды қимадың ба, ағайын?! Сол дипломды қалтасына салған қай өнерлің Мейрамбектей қазаққа еңбек етті?! Өз туғанымызды аяқтан тартып, ырду-дырду боламыз да жатамыз, әйтеуір. Қойсаңдаршы болды, сырт көзден ұят емес пе?!

Abai.kz

37 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3579