Сенбі, 23 Қараша 2024
Не дейді?! 8423 10 пікір 6 Шілде, 2018 сағат 15:28

Мырзан не деді, мен не дедім?..

 

Құлқын сәріден Мырзан досым Кенжебай маған бірнеше рет телефон шалған екен, мен соның соңғысын ғана көріп қалып, телефон тұтқасын көтергенім сол еді, алқын-жұлқын Мырзан досым:

-Әй, Көкбөрі, бұл не ұйқы?!. - деді.

-Тыныштық па, досым-ау?- деп едім, Мырзан:

-Сенің жатысың мынау. Бүкіл қазақ сен сияқты ұйқыда. Мына жұрт 20 миллиард ақша бөліп, Астананы дүрілдетіп күндіз-түні тойлап жатыр. Бұл елге тойдан басқа ештеңе де керек емес осы,-деп кейіді. Мен оның сөзін бөліп едім, маған ренжіп қалған Мырзан:

-Осы сен сөзді неге аяғына дейін тыңдамайсың? - деп ренжіді.

-Өл дейсің бе енді, тыңдап тұрмын ғой,-деп едім ол тағы:

-Мына тойдан шаршамайтын қазақ той жасап жатқанда ана Батыс Қазақстанның Казталовка ауданына Ресейдің ракетасы құлып, пәленбай жүз мың гектар жер өртке ораныпты. Біздің санасыздар тап бір ештеңе болмағандай, дүрілдеткеннің үстіне дүрілдетіп тойлап жатыр.

-Досым-ау, мен не істеймін сонда?

-Міне, бірдеңе айтсаң біздің қазақ өстіп кері тартады...- деп ол телефон тұтқасын үзіп жіберді.

Мен болсам, не дерімді білмей үнсіз қалдым...

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5353