Бірақ соған қарамастан мигрант қарсылық көрсетпеген. Полиция өкілдері оны жерге жатқызып, қолына кісен салып жатыр. Полиция көлігінің жанында қолы кісендеулі тағы бір мигрант тұр. Оның арғы жағында бір топ тәжік мигранттары тұр. Олар болып жатқан жағдайға наразылық білдіріп, оқиғаны видеоға түсіріп жатыр.
Олар қолы кісендеулі отандасына егер құжатың дұрыс болса, қашып кет деп кеңес беріп жатыр. Көпшіліктің кеңесіне құлақ асқан ол тасжол бойындағы қоршаудан секіріп қашады. Онымен бірге видеоға түсіріп жатқан өзге мигранттар да қашып барады. Оларды полиция өкілі қуып жеткен кезде, видео үзіліп қалады. Әрі қарай не болғаны белгісіз.
Abai.kz