Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3424 0 пікір 23 Ақпан, 2011 сағат 03:41

Еуропаның инвестициялық банкі Қазақстандағы энергетикалық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін зерттеп жатыр - ЕИБ президенті

БРЮССЕЛЬ. 23 ақпан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еуропаның инвестициялық банкі (ЕИБ) Қазақстандағы энергетикалық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін зерттеп жатыр.

Бұл туралы қазақстандық журналистерге берген сұхбатында ЕИБ президенті Филипп Майштадт мәлім етті.

Еуропалық инвестициялық банктің басшысы атап өткендей, былтырғы жылы Қазақстан мен ЕИБ арасында банктің алдағы уақытта ҚР аумағында өз қызметін жүзеге асырудың алғашқы қадамы болған шекті келісімге қол қойылған. «Қазір осы  келісімді жүзеге асыру - біздің ортақ мақсатымыз», - деді Ф.Майштадт.

Қазақстан аумағында ЕИБ-тың қаржыландыру болашағы туралы сөз қозғай келе, Ф.Майштадт өзінің Қазақстан билігімен әрдайым байланыста отырғанын және солармен бірге Еуропалық инвестициялық банк арқылы қаржыланатын жобалар таңдалатындығын жеткізді. «Қазіргі таңда біз басқа жобаларды, әсіресе энергетикалық саладағы жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін зерттеп жатырмыз», - деді ЕИБ төрағасы.

Сонымен қатар Еуропа инвестициялық банктің басшысы Қазақстандағы банк жүйесіне жоғары бағасын бере келе, жаһандық экономикалық дағдарыс кезінде қазақстандық банк жүйесі басқа елдермен салыстырғанда нық басып тұрғандығын дәлелдегенін, алдағы уақытта да біздің елімізбен тығыз ынтымақтастық орнатылады деген сенімін жеткізді.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 976
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2501
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 679
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 651