Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2894 0 пікір 23 Ақпан, 2011 сағат 03:42

Минскіде Жамбыл Жабаевтың 165 жылдығына арналған әдеби кеш болып өтті

МИНСК. 23 ақпан. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Якуб Колас атындағы Минск мұражайында қазақтың суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туылғанына 165 жыл толуына орай әдеби кеш болып өтті.

21 ақпан күні Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшілігінің мұражай басшылығы және «Атамекен» қазақ қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып өткізген іс-шарасына осы елдің белгілі мәдениет қайраткерлері,  қазақ диаспорасының өкілдері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы елшілігінің дипломаттары қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан елшісі  Анатолий Смирнов жиналған қауымды ақын өміріндегі ең қызықты жайттармен хабардар етті.

«Қазақ әдебиетінің Беларусь еліне келуі халық ақыны Жамбыл Жабаевтың шығармашылығымен танысудан басталғандығы  белгілі. Якуб Колас Жамбыл ақынға өз өлеңдерін арнаған. Жамбыл шығармалары 1938 жылы «Пламя революции» атты журналда беларус тілінде жарық көрген еді», - деп еске алды А. Смирнов.

БР-дағы ҚР елшісі Беларус тарапына Қазақстанның мәдени мұраларына көңіл бөлгендігі үшін шын жүрегінен алғысын жеткізді.

Қазақ диаспорасындағы жастардың күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылып, кеш барысында Ж.Жабаевтың өлеңдері оқылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377