Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2425 0 пікір 23 Ақпан, 2011 сағат 03:43

Павлодар әкімі нұротандықтардың кеңсесінде қабылдау өткізді

ПАВЛОДАР. 23 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласының әкімі Бақытжан Жоламанов «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы қалалық ұйымының төрағасы ретінде бірінші рет азаматтарды қабылдады,деп мәлім етті әкімнің баспасөз қызметі.

№38 балабақша басшылығы Б.Жоламановқа үш жылдан бері шешімін таба алмай келе жатқан мәселе - балабақшаның дәл іргесінде орналасқан қоқыс контейнерлерін басқа жаққа көшіруді біржақты етуді сұрады. Әкім тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне осы өтінішті тез арада  шешуді тапсырды.

Нұротандықтардың қалалық ұйымы төрағасының қабылдауынан Наталья Герасимова есімді азаматша да қуанып шықты. Төрт баласы бар ананың тұратын жері жоқ. Алдағы уақытта оған жатақхананың бір бөлмесі берілетін болды, ал болашақта әлеуметтік тұрғын үй кезегімен үй алады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373