Сенбі, 23 Қараша 2024
Қайнайды қаның... 4525 6 пікір 11 Шілде, 2018 сағат 13:23

Басшыны мақтауға Заң жүзінде тиым салу керек

Өзбекстан билігі мемлекет басшысына жағымпазданып, мақтауға тыйым салды. Бұл туралы ozodlik.org порталы жазған. 

Бұдан кейін өзбек президентін мадақтап ән айтқан - әншілер, композиторлар лицензиясынан айырылып, заң алдында жауап беруі мүмкін.

“Мемлекет басшысына арнап ән салу, оны мақтау әдепке жатпайды”, – дейді “Өзбекконцерттің” уақытша директоры Азамат Хайдаров. Мұндай шешім бірнеше апта бұрын президент Шавкат Мирзиеевке өзбекстандық әншінің арнаған “Менің сұлтаным” әнінен кейін қабылданған.

49 жастағы әнші, актриса Дильфуза Исмаилованың әні интернетте 21 мамыр күні жарияланғанымен, артынша қайта өшірілген. Әнде Мирзиеев “жер бетіндегі теңдессіз сұлтан”, “Құдайдың жердегі көлеңкесі”, “сүйікті адам” ретінде суреттеледі. Бейнероликте қазіргі президенттің әртүрлі шаралардағы суреттері көрсетілген.

Жалпы алғанда пост-кеңестік елдердің бәрінде басшы мақтау жарысы толастаған емес. Өзгені былай қойып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы да артық мақтауды доғару жөнінде неше мәрте ескерту жасады. Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына арналған салтанатты шарада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев:

«...Бүгiн менiң атыма көп әсіре мақтау сөз айтылды. Менiң жасым да, тәжiрибем де үлкен, сондықтан мұндай сөздер маған әсер етпейдi, әрине. Шын мәнiнде iстелген iстер туралы айтылса, онда жөн, бiрақ одан артық айтылмауы тиiс. Дегенмен мен баршаңызға жылы сөздерiңiз үшiн алғыс айтамын. Мұның бәрi менi болашақ iстерге қанаттандыру үшiн айтылып жатыр деп есептеймiн. Дәл қазiр мен қанаттанып отырмын деп сiздердi сендiргiм келедi», - деген еді.

Сонда да Елбасы мақтаудан алдыға жан салмай келеміз. Елбасы қандай мадаққа да лайық. Қазір қарапайым басшыларды  мақтау індеті бүкіл қазақ даласын жайлап алған жоқ па? Осыған Заң жүзінде тиым салатын кез келген сияқты. Сіз не дейсіз?

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387