Жексенбі, 16 Желтоқсан 2018
Тағайындау 1971 10 пікір 11 Шілде, 2018 сағат 17:40

Abai.kz ақпараттық порталына бас редактор тағайындалды

«Абай-ақпарат» қазақ интернет кеңістігін дамыту қоры» қоғамдық қоры құрылтайшыларының шешімімен бұрынғы редактор Дәурен Қуаттың басқа қызметке ауысуына байланысты Abai.kz ақпараттық порталының бас редакторы болып жазушы-журналист Қанат Әбілқайыр тағайындалды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Қанат Әбілқайыр - 1986 жылы Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Сүмбе ауылында дүниеге келген. 2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмәмдаған.

Халықаралық "Қазақстан ZAMAN", республикалық "Ана тілі", "Жас қазақ", "Алаш айнасы", "Жұлдыздар отбасы" секілді басылымдарда журналист, бөлім  редакторы, бас редактордың орынбасары секілді қызметтер атқарған. Соңғы жылдарда Abai.kz ақпараттық порталының шеф-редакторы болды.

"Текес теріс ағады", "Көршінің қызы" атты кітаптардың авторы, проза аталымы бойынша халықаралық "Шабыт" фестивальінің Гран-при иегері.

Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі.

Сондай-ақ, бүгіннен бастап, Abai.kz ақпараттық порталы редакторының орынбасары болып белгілі журналист, "Ақпарат саласының үздігі" Нұргелді Әбдіғаниұлы қызметке кірісті.

Қызметкерлерімізге шығармашылық табыс тілейміз.

Abai.kz ақпараттық порталы

 

10 пікір