Сенбі, 23 Қараша 2024
Байқау! 4715 2 пікір 17 Шілде, 2018 сағат 09:32

Латын қаріпі: Идея сізден, қолдау бізден

«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы инновациялық жобалар мен тың идеяларға байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты - «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығын жүзеге асыру, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы ҚР Премьер-Министрінің Өкімін орындау.

Халықтың латын әліпбиін жылдам, ыңғайлы және сауатты игеріп кетуіне ықпал ету. Латын әліпбиін үйретуде қоғамның қабылдау деңгейін, меңгеру деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, графиканы жылдам үйренуіне жағдай жасау, инновациялық жобалардыңсанын арттыру, мемлекеттік тілдің аудиториясын кеңейту.

Байқауға қатысатын жобаларға қойылатын талаптар:

инновациялық IT технологияларды қолдана отырып, балалар мен ересектерге латын әліпбиін үйретуге арналған онлайн-қосымшалар және электрондық нұсқадағы оқу курстары мен тың жобалар әзірлеу;

Көпфункционалды конвертер әзірлеу және техникалық қолдау;

Қағаз мәтінді тану және оны латын графикасына аудару;

Tilqazyna.kz ресми сайтын әзірлеу және БАҚ-та насихаттау;

iOS, Android үшін мобильді қосымшалар әзірлеу;

Машиналық оқыту негізінде тілді оқытуға арналған веб-сервис құру;

Мемлекеттік тілді үйрету және насихаттауға арналған веб және ИТ инфрақұрылым құру;

Қазақ тілінде қызықты әрі ерекше жобалар әзірлеу (контент);

Латын графикасы негізінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша бейнеблоктар әзірлеу (ақпараттық-жарнамалық, танымдық, вайн түсіру және БАҚ-та жариялау);

Өтінімдер ағымдағы жылдың 25 шілдесіне дейін қабылданады.

Жобаның тұжырымдамасын, құрылымын (презентация түрінде) және бағалық ұсынысты, мүмкін болса, пилоттық нұсқаны көрсетілген мекенжайға тікелей немесе пошта арқылы жолдауларыңызға болады.

Астана қаласы Сығанақ 25, «Аңсар» бизнес орталығы, 2-қабат «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ.

Ескерту!

Құжаттары толық емес, көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған жобалар сараптамалық кеңестің талдауына жіберілмейді. Материалдарды іріктеу және сараптамалық кеңеске ұсыну «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ құзіретінде.

Мүмкіндігіңізді мүлт жібермеңіз! Болашағымызды бірге жасайық. Тіл тағдыры сіз бен біздің қолымызда.

Сұрақтар бойынша 8(7172) 27-71-33 нөміріне (tilalemi.kz@gmail.com) хабарласыңыз.

1 қосымша

«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-

практикалық орталығы» КеАҚ

атқарушы директоры Е.Тілешовке

кімнен __________________________

__________________________

__________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы; тұрғылықты мекенжайы немесе заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

Өтінім

___________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________

Жобаны сараптау кеңесінің қарастыруына жолдаймын.

Өтінімге қоса берілген құжаттар тізімі:

1.

2.

3.

4.

____________________

(жеке тұлғаның қолы немесе

заңды тұлғаның атауы)

Мөр орны

(болған жағдайда)

Өтінім беру күні « » __________20__жыл

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452