Жексенбі, 24 Қараша 2024
3242 0 пікір 17 Маусым, 2018 сағат 11:52

Көші-қон қалай реттелуде?

Қазақ елі тәуелсіздігін жария етіп, көк байрағын желбіреткен күннен бастап-ақ көші-қон мәселесі көкейтестілігімен ерекшеленгені белгілі. Бұрынғы Кеңестер одағы кезінде келіп қоныстанған кейбір ұлт өкілдері өзінің тарихи отандарына көше бастады, сол сияқты шетелдердегі қандастарымыз да елге қарай көш басын бұрды. Осының нәтижесінде өткен кезеңдерде ел басынан өткен түрлі жағдайларға байланысты төрткіл дүниеге тарыдай шашылған қазақтың басы егемендіктің алғашқы жылдарында-ақ бір мемлекетте, бір Отанда, Қазақстанда тоғыса бастады.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өзі мұрындық болған осы көші-қон көлікті болып, сол ағылған көш легі 2005 жылға дейін үзілген жоқ. Алайда 2005 жылдан кейін ғана шекарадан бері ағылған бауырластар арасынан ел мен жерге сіңісе алмай кері көшкендері де болды. Бірақ, бұл да отанына оралуды армандаушыларға кедергі бола алмады. Міне, осы жағдайлар, елдер арасындағы қарым-қатынас мәселелері өмірге көші-қон полициясын әкелгені анық. Көші-қон полициясының тарихы 1993 жылдың 5 сәуірінен басталады, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1993 жылғы 5 сәуірдегі №256 қаулысын – «Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесі туралы ережені» елдің визалық-төлқұжаттық қызметінің қайта ұйымдастырылып, ал оның негізінде жаңа бөлімше құрылуына негіз болды. Бұл қайта ұйымдастыру заман талабына сәйкес Қазақстанда болған өзгерістердің тікелей салдарынан болды. 1999 жылы төлқұжаттық-визалық қызмет көші-қон полициясы болып қайта аталды. Органның қызмет міндеттері мен құрылымы өзгерді. Қазақстанға келетін шетел азаматтары санының өсуіне байланысты олардың елде жүріп-тұру тәртібін реттеу қажеттілігі туындады. Уақытша тіркеу, тұрақты тұруға ресімдеу, азаматтықты ресімдеу, куәліктер мен төлқұжаттар беру – мемлекеттік маңызды және қажетті істер. Президент Жарлығы бойынша тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударушыларға айрықша көңіл бөлінді. Жиырма жылда көші-қон полициясының құрылымы бірқатар өзгерістерге ұшырады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялаған кезде ІІМ құрылымында қоғамдық тәртіпті күзетудің бас басқармасының құрамына кіретін екі бөлім: төлқұжаттармен жұмыс және виза бөлімі және шетел азаматтарын тіркеу (ВБжТ) бөлімі болғаны баршаға белгілі. Төменгі бөлімшелерде төлқұжаттармен жұмыстың төлқұжаттық және визалық міндеттерін атқаратын бірыңғай қызмет жұмыс істеді. Басқарма алдында жеке басын куәландыратын қазақстандық құжаттарды әзірлеу мен төлқұжаттарды айырбастауға дайындаудың міндеті тұрды. Сондай-ақ, азаматтық, халықты құжаттандыру, визалық жұмыстар және шетелдіктердің келуін бақылау мәселелері бойынша өзіндік қазақстандық нормативтік базаны әзірлеу. Құжаттар 1992-1994 жылдар шамасында қабылданды. Қызметтің негізгі функцияларына азаматтарды тіркеу мен есепке алу, шетелге шығу үшін төлқұжаттар мен шетел төлқұжаттарын дайындау, азаматтық мәселесі бойынша материалдарды қабылдау мен қарау болып табылды. 1995 жылдың басында, бұрынғы КСРО-ның төлқұжаттарын қазақстандық құжаттарға ауыстыруына байланысты басқарма Халықты құжаттандыру басқармасы болып өзгертілді. Елімізге Моңғолиядан, Ауғанстаннан, Иран мен Түркиядан репатрианттардың (оралмандардың) оралуына байланысты, 1994 жылдары осы қызметте оралмандарды азаматтыққа қабылдау, тіркеу, есепке алу жаңа міндеті пайда болды. Егер 1990-91 жылдары азаматтыққа 1-2 мыңнан аспайтын адам қабылданса, 2003-2005 жылдардың өзінде – ол сан жылына 7-9 мың адамды құрады. Бүгінгі күні әлемнің көптеген елдерінде көші-қон саясаты үлкен мәселеге айналып келеді. Осы салаға мән бермеудің салдарынан Еуропаның бірқатар мемлекеттерінің ішінде қоныс аударып келушілердің талабына байланысты жікке бөлінушіліктің, жаппай тәртіпсіздіктердің орын алғанын естен шығаруға болмайды. Сондықтан да жері кең байтақ, жас мемлекетіміз үшін көші-қон мәселесін ретке келтіру салмақты да сауатты саясатты талап етеді. Осы аса маңызды салада қызмет атқаратын тәртіп сақшылары сапында Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасы да міндет биігінен көрінуде. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында «Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады», 21-бабында «Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар» делінген. Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы құрылымдарының қызметкерлері шетелдіктердің құқықтарын сақтай отырып, олар тарапынан орын алған заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шара көру мақсатында біршама нәтижелі жұмыстар атқаруда. 2013 жылдың 7 ай көлемінде Қызылорда облысы аумағына түрлі мақсаттармен келген 2 073 алыс шетел азаматтары уақытша тіркеуге алынды, оның 1 464 -і қызметтік сапармен, 488-і жұмысқа, 95-і жеке шаруаларымен, 26-сы турист ретінде келгендер. Олардың ішінен Қазақстан Республикасына келу-кету, болу ережелерін бұзған 224 шетелдік анықталып, оның 1-уі сот шешімімен республика аумағынан аластатылды. Бұл деректер өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда уақытша тіркеуге алынған шетел азаматтары саны 409-ға өскенін, елімізге келу-кету, болу ережелерін бұзу 134-ке өскенін көрсетеді. Сол сияқты, ТМД мемлекеттерінен 10 313 азамат уақытша  Коши-кон-3тіркеуден өткен, оның 1 273-і қызметтік сапармен, 340-ы жұмысқа, 8 690-ы жеке шаруаларымен, 10-ы турист ретінде келгендер. Олардың ішінен Қазақстан Республикасына келу-кету, болу тәртібін бұзған 2 361 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылып, оның 209 әкімшілік жолмен республика аумағынан шығарылды. Бұл деректер өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда ТМД мемлекеттерінен уақытша тіркеуге алынғандар саны 3 321-ге өскенін, елімізге келу-кету, болу ережедерін бұзу 251-ге өскенін көрсетеді. Биылғы жылдың 7 айы ішінде шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарға тұрғын үй-жай беріп, оларды белгіленген тәртіппен уақтылы тіркеуден өткізуді қамтамасыз етпегені үшін облыс бойынша 129 Қазақстан азаматына әкімшілік шаралар қаралса, шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзудың 110 дерегі тіркелген. Бұл көрсеткіштер шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарға тұрғын үй-жай беріп, оларды белгіленген тәртіппен уақтылы тіркеуден өткізуді қамтамасыз етпегені үшін облыс бойынша әкімшілік шаралар қабылдау 53-ке, шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзуды анықтау 20-ға өскенін көрсетеді.

Жоғарыда көрсетілген деректер сырбойылық көші-қон полициясы қызметкерлерінің жұмыс нәтижелерін жақсарта түскенін аңғартады. Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Е.Шерімбетов сала қызметкерлерінің жетістіктерін, биылғы 7 айдағы нәтижелерді одан әрі былайша тарқатты. «Халықты құжаттандыру және тіркеу бөліністері қызметкерлері облыс аумағында азаматтарды жеке куәлікке және төлқұжатқа құжаттандыру бойынша 27 186 өтініш қабылдап, оның ішінде төлқұжатпен – 3 877, жеке куәлікпен – 24 820 азамат құжаттандырылды. Заңды мекенжайы бойынша тіркеу үшін 56 974 өтініш (2012 жылы – 44 882), тіркеуден шығу үшін – 7 308 өтініш (2012 жылы – 9373 өтініш) түсіп, олар бойынша уақтылы шешім қабылданды. 1974 жылғы үлгідегі төлқұжатты ауыстыру бойынша – 20, 18 жастан асуына байланысты – 143, атын, тегін, әкесінің атын өзгерту бойынша – 473, ұлтын өзгерту бойынша – 1, туған күнін өзгерту бойынша – 36 азамат құжаттандырылды. Сонымен қатар, ҚР Президентінің Жарлығымен құжаттанғандар саны – 55, жеңілдетілген түрде ҚР азаматтығын алған 162 азамат құжаттандырылды. Жеке куәлікті жоғалту бойынша 5 112 өтініш қабылданып, қаралды. Ағымды жылдың басынан облыс көлемінде 1 038 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 377 бабында қаралған құқық бұзышылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Азаматтарды құжаттандыру барысында іздеуде жүрген 3 қылмыскер анықталып, құзырлы органдарға хабарламалар жолданды. Есепке алу және азаматтық бөлімі қызметкерлері облыс аумағына тұрақты тұру мақсатында келген шетелдіктерді қалдыруға байланысты 10 алыс шетелдіктен Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру жайлы өтініштер қабылдап, оның 5-уі қанағаттандырылды (Греция – 1, Оңтүстік Корея – 1, Түркия – 3). 2013 жылғы 1 тамыздағы мәлімет бойынша қазіргі таңда облыс аумағында 58 алыс шетел азаматы (Австралия – 1, АҚШ – 2, Аргентина – 1, Болгария – 8, Ұлыбритания – 1, Германия – 2, Греция – 3, Израиль – 1, Иран – 1, ҚХР – 10 (барлығы қазақ ұлтты), Корея – 3, Моңғолия – 1 (ұлты қазақ), Пәкстан – 1, Сербия – 1, Түркия – 22) және 1 азаматтығы жоқ адам (1994 жылы Ауғанстаннан келген ауған ұлтты) тұрақты тіркеуде тұрады. Сонымен қатар, ТМД мемлекеттерінен келген 357 шетелдік, 44 азаматтығы жоқ адам және 905 этникалық қазақтар тұрақты тұруға тіркелген. Олардың басым бөлігін көршілес Өзбекстан Республикасы (186) мен Ресейден (129) қоныс аударғандар құрайды. Көші-қон полициясының маңызды салаларының бірі – мемлекетке борышкерлер мен нәпақа төлеуден жалтарушы азаматтарды іздестіру. Жыл басынан 23 нәпақа төлеуден жалтарушының 20 анықталып, анықтау пайызы 87% болса, 47 мемлекетке борышкердің 44 анықталып, анықтау пайызы 94% құрап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жандандырылып, жылдың аяғына іздеуде жүрген борышкерлерді толығымен анықтау жоспарлануда». Өз қызметтерінің басым бағыттарын анықтау, жалпы стратегияны қалыптастыру, шетел азаматтарының облысқа келу кестесін, олардың Қазақстан Республикасына келу, болу және кету ережесін бұзбауын бақылауды қамтамасыз ету, шетел азаматтарының заңсыз көші-қонның алдын алу, қызметін ұйымастыру – құқықтық негізін жетілдіру, оның қызметіне алдыңғы қатарлы тәжірибе, техника, ғылым жетістіктерін енгізу, қызметкерлердің кәсіптік шеберлігін арттыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізген басқарма бастығы қызметтестерінің міндеттерін абыроймен атқаратынына сенімді екенін айтты. Иә, Ішкі істер қызметіндегі маңызды салалардың бірінде қызмет етуші сырбойылық тәртіп сақшыларының сенім үдесінен шығары анық.

Алдажар Әбіл

Қызылорда облысы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598