Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
46 - сөз 10194 3 пікір 24 Шілде, 2018 сағат 13:29

Өзі білмесе де жұртқа ақыл айту - қазақтың сүйген ісі

Бірде бір таксиге мінсем, шофер жас бала екен. Әңгіме айтып келе жатқамыз.

Бір уақытта әңгіме не істейтінім жағына бұрылып, химик екенімді, химиядан сабақ беретімді айттым. Содан әлгі бала көсіліп:

- Химияны мектепте мұғалімдер дұрыс оқытпайсыздар, аға, сіз химияны былай оқытыңыз, былай оқытыңыз, - деп көсіліп ақыл айтты, тыңдап келе жатырмын, тілімді тістеп. Бір мезетте шыдамай кеттім.

- Бауырым, мен химиядан 10 жыл сабақ берем. Шүкір шәкірттерім біраз деңгейге барған, химияны қалай оқыту туралы маған ақыл айтқаның бір түрлі емес пе? Өзің кім болып істейсің?, - десем.

- Мектепті биыл бітірдім, таңдағаным география-математика, мамандық таңдап жүрмін, - дейді. Сол кезде Оралхан Бөкейдің "Өзі білмесе де жұртқа ақыл айту - қазақтың сүйген ісі" - дегені ойыма орала берді. 

P.S. Осы біз неге жұртқа ақыл айтқанды жақсы көреміз? Өз саламыз болмаса да әмбебап адам ретінде бәріне ақыл айтуға дайынбыз, ә?

Аятжан Ахметжанұлының Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1254
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2784
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 904
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 852