Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Алаң 5576 1 пікір 25 Шілде, 2018 сағат 09:01

Батыс Қазақстанның 127 шаруашылығы Ресей полигонының аумағында қалды

Батыс Қазақстан облысы Бөкей Орда ауданындағы 127 мал шаруашылығы Ресей әскері жалға алатын аумақта орналасқан. Осылай деп аудан әкімі Нұрлан Рақымжанов айтты.

Әкімнің сөзінше, жалға алған жер қауіптілігі жағынан үшке бөлінген. Шаруашылықтар үшінші категорияда орналасқан.

- Үшінші категорияда сынақ өте аз болады. Негізгі сынақтар бірінші және екінші категорияда жүргізіледі. Әскерилер ол жерде сынақ басталғаны туралы ескерту жасауға міндетті емес. Себебі ол маңда біздің шаруашылықтар ол маңда болмауы керек, - дейді әкім.

Әкімдіктің есебінше, Бөкей Орда ауданының барлық аумағының (1 млн 931 гектер) жартысын (944 мың гектар) Ресей жалға алған. Онда Ресейдің Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығы мен Капустин Яр сынақ алаңы орналасқан.

Астана мен Мәскеудің келісімі бойынша бұл аймаққа құрылыс салуға тыйым салынған. Ал аудан басшылығы аймақтағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

2017 жылы аймақтағы 1400 гектарды Қазақстан қиыршық тас өндіру үшін қайтарып алған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2538
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 697
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 668