Сенбі, 12 Қазан 2024
Жаңалықтар 4264 0 пікір 1 Наурыз, 2011 сағат 08:02

Мұңыңды шақ, мұғалім!

Сарсаңы көп саяси науқандар мен алаөкпе болып жүгіретін алашапқын әрекеттердің қай-қайсысы да осы күні мектеп мұғалімдерінің күшімен бітетінін көзіміз көріп жүр. Мұғалім деген ардақты мамандық иесі қазір биліктің қол баласына айналды. «Барып кел, шауып кел, тауып кел». Президент, парламент сайлауы былай тұрыпты, аудан мен ауылдың шабан шартық әкім-қарасын сайлау жұмысына да мұғалім байқұс жегілетін болды. Өткенде референдум десіп дүрліктік. Үй-үйді аралап, биіктігі қытай қорғанымен иық таластыратын шойын қақпалар мен алып дуалдарды айналып мұғалім бейшара жүрді. Әлгі ауыр қақпалардың аржағында арыстанмен алысардай болып арсылдаған қапқаз тұқымды иттерден өтіп мұғалім шіркін шәмкөс қожайындардың құжаттарын тіркеп әлектенді. Итарқасы қияндағы ауыл мұғалімдері тіпті сабылды. Ауылдан жиналған «құнды» құжаттарды құшақтап  аудан барған олардың арып, ашқан халін айтудың өзі аянышты. Бұл - бірер айдың ширегіндегі жайттардың жиынтығы. Бәрін тізсек, «соқыр көзден жас тамады». Енді міне, кезектен тыс сайлау. Тағы да мектеп мұғалімдерін айдап салып қарап отырмыз. Үгіт, насихат соқ. Үй-үйді арала. Құжат жина. Құл орнына - құл, күң орнына - күң мұғалім дейтін халық бар. Оны аз десеңіз, «мейманасы тасып шалқыған бай-дәулетті» біздің қоғамда кім ыңыршағы шыққан кедей? - Мұғалім. Кім еріксіз? - Мұғалім. Кім байлаулы? - Мұғалім.  Бетімен кеткен ұрпақ тәрбиесіне кінәлі кім? - Мұғалім.

Сарсаңы көп саяси науқандар мен алаөкпе болып жүгіретін алашапқын әрекеттердің қай-қайсысы да осы күні мектеп мұғалімдерінің күшімен бітетінін көзіміз көріп жүр. Мұғалім деген ардақты мамандық иесі қазір биліктің қол баласына айналды. «Барып кел, шауып кел, тауып кел». Президент, парламент сайлауы былай тұрыпты, аудан мен ауылдың шабан шартық әкім-қарасын сайлау жұмысына да мұғалім байқұс жегілетін болды. Өткенде референдум десіп дүрліктік. Үй-үйді аралап, биіктігі қытай қорғанымен иық таластыратын шойын қақпалар мен алып дуалдарды айналып мұғалім бейшара жүрді. Әлгі ауыр қақпалардың аржағында арыстанмен алысардай болып арсылдаған қапқаз тұқымды иттерден өтіп мұғалім шіркін шәмкөс қожайындардың құжаттарын тіркеп әлектенді. Итарқасы қияндағы ауыл мұғалімдері тіпті сабылды. Ауылдан жиналған «құнды» құжаттарды құшақтап  аудан барған олардың арып, ашқан халін айтудың өзі аянышты. Бұл - бірер айдың ширегіндегі жайттардың жиынтығы. Бәрін тізсек, «соқыр көзден жас тамады». Енді міне, кезектен тыс сайлау. Тағы да мектеп мұғалімдерін айдап салып қарап отырмыз. Үгіт, насихат соқ. Үй-үйді арала. Құжат жина. Құл орнына - құл, күң орнына - күң мұғалім дейтін халық бар. Оны аз десеңіз, «мейманасы тасып шалқыған бай-дәулетті» біздің қоғамда кім ыңыршағы шыққан кедей? - Мұғалім. Кім еріксіз? - Мұғалім. Кім байлаулы? - Мұғалім.  Бетімен кеткен ұрпақ тәрбиесіне кінәлі кім? - Мұғалім. Реформалардан шіріп біткен білім саласындағы біліксіздік пен надандыққа кінәлі кім? - Мұғалім. Жоғарыдан жер теуіп шығатын тексеруші комиссияның да қара бұлтты қаптатып қайтатын басы - мұғалімнің басы. Ал, енді сондай сорлы халдегі мұғалімнің мұңын кім тыңдайды? Неге мұғалім атаулы атқа жеңіл телпекпай болып кетті? Мұғалімдер ұжымын саяси науқандарға сабылтып салуға кім пәрмен етіп келеді? Мәселенки, сәуірдің 3-і күні өтетін Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына үкіметтің қаржы қорынан 4,7 миллиард теңге бөлініпті. Бұл қаржы 2005 жылғы президент сайлауына жұмсалған қаржыдан 1,7 миллиард теңгеге артық екен. Осыншама мол қаржы кімдердің қалтасында кетуі мүмкін. Өйткені, сайлаудың жұмысына әдеттегідей  мектеп ұжымдары кірісіп кетті емес пе?

Сөздің қысқасы былай: кезектен тыс сайлаудың барысында сайлау жұмысына еріксіз жұмсалған әр мұғалім біздің www.abai.kz ақпараттық порталының редакциясына хабарласып мән-жайды айтып отыруына болады. Біз өз тарапымыздан барлық құпияны сақтауға уәде етеміз. Содан кейін, әрине, «Мұңыңды шақ, мұғалім» деген тақырыптың форумына қатысып та барлық шындықты жазуға мүмкіндік береміз. Пікірлер әдепті, нақты, деректі болуы керек. Пікірлер мен деректер және  куәлардың сөздері топтастырылып Орталық сайлау комиссиясына, Білім және ғылым министрлігіне, саяси партиялардың жетекшілеріне жіберілетін болады.

Біздің электронды поштамыз: abai-akparat@mail.ru

Байланыс телефондарымыз: 8 727 3969071; 8727 278 67 14

«Абай-ақпарат»

0 пікір