Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
4427 1 пікір 26 Шілде, 2018 сағат 09:42

Атамбаев кеденші "Райым-миллионды" қызметке қайтаруын "кек" деп атады

Қырғызстан экс-президенті Алмазбек Атамбаев Бішкек қаласы 1-май аудандық сотының Кеден мемлекеттік қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовтың қызметін қалпына келтіру туралы шешіміне пікір білдірді.

Атамбаев өз мәлімдемесінде экс-премьер Сапар Исаков пен Кеден қызметінің бұрынғы басшысы Кубанычбек Кулматовтың ұсталуын "Райым-миллион" достары мен жақтастарының "кек алуы" деп атаған.

Экс-президент "жемқорлықпен күресті желеу етіп", өзінің саяси қарсыластарын "құрту" - билікке абырой әпермейтінін мәлімдеді.

Райымбек Матраимовтың бауыры, Жогорку Кенеш депутаты Искендер Матраимов інісінің қызметтен алынуы заңсыз екенін бұған дейін мәлімдеген. "Оны ешқандай себепсіз қызметтен алды. Сол себеті Райымбек сот арқылы Сапар Исаковқа шағымданды. Мен оны қолдаймын, ол өзінің адал есімін дәлелдеуі керек", - деген Искендер Матраимов.

25 шілдеде 1-май аудандық соты кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовтың қызметке қайта орналастыру туралы шағымын қанағаттандырды. Халық арасында Райым Миллион деген атпен белгілі Матраимов 2017 жылы 23 қарашада қызметтен алынған. Мұндай қаулыға сол кездегі премьер Сапар Исаков қол қойған. 20 сәуірде Матраимов үкіметті сотқа берген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499