Жұма, 22 Қараша 2024
5476 35 пікір 30 Шілде, 2018 сағат 14:03

Елбасының өзі Алакөлге барып демалып, шенеуніктердің көзін ашуы керек пе? 

Қырғыз президенті Сауранбай Жиенбеков 30 шілдеден бастап бір аптаға қысқа мерзімді еңбек демалысына  шықты. Бұл туралы президенттің сайтында: “Мемлекет басшысы еңбек демалысын Ыстықкөлде өткізеді” деп хабарлады. 

Қырғыз басшысы осылайша отандық туризмнің дамуына өзі бастамашы болып, үлес қоспақшы екен.

Бұл - қит етсе шет ел асатын біздің шенеуніктерге жақсы үлгі болсашы. Себебі, біздің шенеуніктер өз елімізді аса менсіне қоймайтыны жиі айтылып жүр. Кейбір аты дардай шенділердің тек шет елде ғана демалатындарын БАҚ жиі жазып келеді. Олардың басым көпшілігі демалу үшін Тай елі мен Мысырды таңдайтыны, ал, кейбірі  Грекия, Түркия, Малайзияны бетке алатыны ешкімге жасырын емес.Біздің шенділер өйтіп-бүйтіп тапқан  ақшасын өзге елге шашып жатқанда Алакөл мен Бурабай сияқты отандық туризм орталықтары қаржы таппай тұралап тұрады.

Шенділердің айтуларынша: “елімізде туристерге жақсы жағдай жасалмаған-мыс”.

Туристерге жағдайды жасайтын кім?

Әрине, шенеуніктер.

"Отандық көлікке мініңдер?" деп Елбасы қанша рет айтты. Құлаққа ілген шенді бар ма?

"Отандық киім киіп, отандық сағат тақ" деп, тағы да президентіміз үлгі көрсесетті.

Әншейінде Елбасыға жағымпаздануда алдыға жан салмайтындар бұ жолы да үнсіз қалды.

Енді, Нұрсұлтан Әбішұлының өзі Алакөлге барып демалып, шенеуніктердің көзін ашуы керек пе?.

Күйінгеннен осындай сөзді айтуға тура келеді. Кішкентай ғана қырғыздың президенті ойлағанды біздікілер неге ойламайды? "Алакөл тұрғанда Түркия мен Тай елін қайтесің, шенеунік?" дейтін бір дуалы ауыздың болмай тұрғанына налисың! Амал не?

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz 

 

 

 

35 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5273