Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
4295 0 пікір 1 Тамыз, 2018 сағат 17:38

Өзбекстан экстремистік мазмұндағы сайттарды бұғаттайды

Өзбекстан экстремистік контенттегі сайттарды ресми түрде бұғаттайтын болады. Бұл Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қол қойған «Экстремизмге қарсы тұру жөніндегі» заңда көрсетілген. Құжат жергілікті БАҚ-та ресми жарияланған күннен бастап үш ай ішінде күшін енеді.

«Экстремистік ұйымдардың белгілері бар және осы мазмұндағы материалдар жойылады. Егер ондай материалдарды жоюға мүмкін болмаған жағдайда, оны жариялаған БАҚ жабылады, интернет сайттар бұғатталынады», – делінген заңда.

Мұнан бөлек бұғаттауды қамтамасыз етпеген провайдерлерді жауапқа тартуға құқық берілген. Бірақ қателіктерін мойындап, өкінген жағдайда кешірім жасау қарастырылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1119
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2656
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 773
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 739