Азатлык тілшісі Аманмырат Бугаевтың айтуынша, 45 күндік демалыстан оралған ұстаздар түске дейін мектеп маңайындағы көшелерді сыпырып, арам шөптерді жұлумен айналысып жүр.
"Мектеп маңында саябақ бар. Ұстаздарды осы саябақтағы арам шөптерді тазалап, көше сыпырып жүр. Одан соң мұғалімдер мектепке келіп, оқушыларға жаңа киім үлгісіне қатысты жаңа тәртіптерді оқушыларға хабарлаумен айналысады".
Еске салайық, биыл мектептерде жаңа форма енгізілді. Қыздар енді кең етекті көйлек, ұлттық шалбарлар киеді. Қыпшабел көйлектерге тыйым салынады.
Аманмырат Бугаевтың айтуынша, ұстаздарға қосымша көше тазалағаны үшін айлық берілмейді. Мұғамдер көше тазалауды шілде айының ортасында бастаған.
Abai.kz