Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3203 0 пікір 3 Наурыз, 2011 сағат 04:40

Қызылордада облысы әкімдігі мен аймақтағы мұнай компаниялары арасында өзара ынтымақтастық меморандумы жасалды

ҚЫЗЫЛОРДА. 3 наурыз. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Кеше облыстық әкімдікте аймақтағы мұнай компанияларымен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі болып өтті.

Облыс әкімдігі мен кен өндірушілер арасындағы бұл құжат 2011 жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудағы өзара ынтымақтастық туралы мәселені алға тартады. Онда қарастырылған жалпы қаржы көлемі 620 млн.теңгеден астам.

Меморандумға Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан  облыс әкімі Болатбек Қуандықов, мұнай компаниялары тарапынан қол қоюшылар «ПетроҚазақстанҚұмкөл Ресорсиз» АҚ  басқарма төрағасы Фан Цзячжун, «СНПС - Ай Дан Мұнай» АҚ  президенті Лю Цзиньчэн, «СП «ҚуатАмлонМұнай» ЖШС бас директордың міндетін атқарушы Цинь Хунвей және «Марсель Петролеум» ЖШС бас директоры М. Нәлібаев қол қойды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2060