"Діндар" Ермекбаев Қорғаныс министрі болып тағайындалды
Қазақстанның қорғаныс министрі болып Нұрлан Ермекбаев тағайындалды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат тілшісі Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды", - делінген Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасында.
Бұған дейін бұл қыз қызметте Сәкен Жасұзақов болған. Ол ведомствоны 2016 жылдың қыркүйегінен бері басқарып келген.
Өздеріңіз білесіздер, Нұрлан Ермекбаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып қызмет еткен кезінде басы біраз дауға қалған еді. Тілшілер қауымы бұ министрді аз сынамаған. Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытында діни жоралғыларға қатысып, намаз оқуына қарсы болғанынан бастап, біраз дүрбелеңмен ел есінде қалды.
Abai.kz