Дүйсенбі, 26 Қазан 2026
Жаңалықтар 3584 0 пікір 4 Наурыз, 2011 сағат 01:45

КО елдерінің премьерлері 15 наурызда Минскіде кездеседі

Астана. 3 наурыз. ҚазТАГ - Кеден одағына (КО) қатысушы Беларусь, Ресей және Қазақстан елдерінің үкімет басшылары 15 наурызда Минскіде кездеседі. Бұл туралы КО комиссиясының ресми сайтындағы ақпаратта айтылған.

«... Отырыс барысында комиссия мүшелері Кеден одағына мүше-мемлекеттердің үкімет басшыларының 15 наурызда Минскіде өтетін кездесуінің (КО жоғарғы органының отырысының) күн тәртібінің жобасын мақұлдады», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

2 наурызда Мәскеуде мақұлданған күн тәртібінің жобасына сәйкес, үш елдің үкімет басшылары Бірыңғай экономикалық кеңістікті құруға; белоруссиялық-ресейлік шекарадағы көліктік бақылауды КО-ның сыртқы сызығына ауыстыруға; ресейлік-қазақстандық шекарадағы бақылауды КО-ның сыртқы шекарасына көшіруге; ұлтүстілік органдардың қызметін жетілдіруге, соның ішінде, КО комиссиясының қызметін ұйымдастыруға қатысты мәселелерді талқылайды.

Бұдан басқа, премьер-министрлер ЕурАзЭҚ сотының қызметін құру мен ұйымдастыру, үшінші елдерге қатысты бірыңғай көші-қон және визалық саясат мәселелерін талқылайды.

«... Кеден одағына мүше-мемлекеттердің ДСҰ-ға кіруін қарау да ұсынылды», - деп хабарлайды комиссияның баспасөз қызметі.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1208
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1685