Сейсенбі, 3 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2722 0 пікір 4 Наурыз, 2011 сағат 01:48

Әділет министрлігі КТК және «Рахат-ТВ» телеарналарын зияткерлік меншік құқығын сақтау мәселесіне қатысты тексереді

Астана. 3 наурыз. ҚазТАГ - Арсен Бектасов. Әділет министрлігі наурыз айында КТК және «Рахат-ТВ» телеарналарын зияткерлік меншік құқығын сақтау мәселесіне қатысты тексеру жүргізбекші, деп әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті.

«Әділет министрлігінің бір міндеті зияткерлік меншік құқығын сақталуын қамтамасыз ету. Тексеру жоспарына байланысты наурыз айына 19 тексеру жоспарланған. Оның ішінде «Коммерциялық теле арна» (КТК) мен «Рахат-ТВ» ЖШС», - деді Е. Ерімбет бейсенбі күнгі брифингте.

Оның айтуынша, ақпан айында осындай тексеру «Евразия+ОРТ» телеарнасында да жүргізілген.

«Тексеру қорытындысында бұзушылықтар анықталған жоқ, бірақ 3 бағдарлама - «Майкрософт» - Windows XP бағдарламалық қамтамасыз етуін заңсыз пайдалану анықталды», - деді ол.

Аталған фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалып, телеарнаның үш жүйелік блогына қамау жарияланды. Қазір іс сот қарауында жатыр.

Жалпы алғанда, 2 айда әділет министрлігі зияткерлік меншікті пайдаланатын нысандарға жүргізген 295 тексеру қорытындысында, заңсыз айналымнан Т5 млн сомнан асатын 16,6 мың дана контрафактылық өнімі алынды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 853